11/12/2019
Қыздар ,қайдасындар?
Сiрә, тойдасыңдар?
(Или жумыстасыңдар)
Бәлкім қалың ойдасыңдар:
Жүрсiңдер жүдеп,
Уайымым "үй деп, күй деп...."
Үтiктi суырдым ба?
Кiрлерiм жуылды ма?
Есiкке ілiндi ме,
Бiтпейдi жырың мүлде!
Одан да алға қара,
Үйде ме бала?
Жарыңды таптың,
Ата-ененi бақтың!
Кредиттi жаптың ба?
Жаптың!
Айлығың бәрiне жетедi,
Қарызға,
Тойға,
Азық-түлiкке кетедi.
Өмiр осылай өтедi....
Бiр күнi тiршiлiк бiтедi....
Алдыңнан ақырет күтедi....
Сондықтан, достар,
Қамшының сабындай өмiр-қысқа,
Қайта айналып келмейдi,
Көктем менен қыста...
Бақытыңды жаныңда ұста.
Нағыз өмiр сүретiн тұста
Қапыда қалма
Басыңды көтер.
Қалжыңға да уақыт тап,
Уайымың кетер...
Өмiр сүрiңдер,
Ойнап, күлiңдер!
Мына жалғанның
Кадiрiн бiлiңдер!
Сыйласыңдар,
Сырласыңдар,
Бәрiң жүзден асқанға дейiн,
Әлi бiр ғасыр бар!
Жанұяңмен жексенбiде,
Достарыңмен дүйсенбiде,
Бауырыңмен бейсенбiде,
Кластастармен бiр сенбiде,
Құдағилармен сейсенбіде,
Көршілермен сəрсенбіде
Кездесiп,
Жүздесiп,
Бiрлесiп,
Тiлдесiп тұрыңдар!
Арасында өсек айтып
Жиналып, бас қосып
Шәй(анау тоже) да ішіп қойыңдар
Өмiр бiр рет келедi,
Соны ұғыңдар!
Бүгiннен қалмай,
Ертеңге жоспар құрыңдар.....
Жарай ма, қыздар,
Бiр-бiрiңнен
Жағдай сұрасыңдар....
Осы айтқанның бәрін
Тап қазірден бастап
Қолға алыңдар! @ Девочки_Такие_Девочки