taraz_jastary

taraz_jastary Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from taraz_jastary, Arts and entertainment, Taraz.

11/08/2026

🔰Жамбыл облысында сотталған азаматтарға есірткіге қарсы спорттық іс-шара ұйымдастырылды

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ, Есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес мүшелері және Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №67 мекемесінде спорттық іс-шара өткізді.

Іс-шараға жазасын өтеп жатқан сотталғандар мен алдағы уақытта бостандыққа шығуға дайындалып жүрген азаматтар қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – есірткі қылмыстарына төзбеушілік көзқарасты қалыптастыру, қайта қылмыс жасаудың алдын алу, сотталғандардың құқықтық сауаттылығын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Іс-шара барысында бүгінде есірткінің алдын алу бағытында ерікті ретінде қызмет атқарып жүрген бұрынғы сотталған азамат сөз сөйлеп, өзінің өмір жолымен бөлісті. Ол қылмыстық өткенінен бас тартып, өмірін түбегейлі өзгертуге қалай қол жеткізгені туралы айтып берді.

Ашық форматтағы кездесу барысында қатысушылар жеке жауапкершілік, заң талаптарын сақтау және бостандыққа шыққаннан

11/08/2026

🔥 БОЛАШАҚ – ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА!

Елдің ертеңі – білімді, батыл әрі жауапкершілігі жоғары жастардың қолында.

👨‍🚒 Жас өрт сөндіруші – соның жарқын үлгісі. Қызметінің қиындығы мен қауіп-қатеріне қарамастан, ол адам өмірін құтқаруды басты міндеті санап, күн сайын жауапты қызмет атқарып келеді.

Осындай қайсар, еңбекқор, өз ісіне адал жастар – еліміздің мақтанышы әрі жарқын болашағы! 🇰🇿

✨ Келе жатқан 12 тамыз – Халықаралық жастар күні құтты болсын!

Жастарға жалынды жігер, толағай табыс, биік белестер мен жарқын болашақ тілейміз!

10/08/2026

⚽️ ЖАСТАР АРАСЫНДА ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай жастар арасында футболдан жарыс ұйымдастырылды.

🏆 Жарыстың басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Тартысты өткен кездесулер барысында командалар жоғары дайындық пен жеңіске деген жігерлерін көрсетіп, өзара мықтыны анықтады. ⚡️

Жарыс соңында үздік нәтиже көрсеткен командалар анықталып, жеңімпаздар марапатталды.

👏 Барша қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз!

Жастар күні құтты болсын! Жастарымыз әрдайым биіктен көрініп, жеңістері көп болсын! 🇰🇿

#ЖастарКүні #12Тамыз #ТаразЖастары #Футбол #Спорт ЖастарСпорты

10/08/2026

🔰 Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі және М.Әуезов атындағы қалалық кітапханасының ұйымдастыруымен «Абай-дана, Абай-дара қазақта!» атты танымдық кеш ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты- Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасын жастар арасында кеңінен насихаттап, ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Жас ұрпақтың бойына Абайдың гуманистік идеяларын, адамгершілік, еңбексүйгіштік қасиеттерін сіңіру. Ұлттар достығын, татулық пен бірлікті нығайту арқылы қоғамдағы тұрақтылықты сақтау
болып табылады.

08/08/2026

🏛️ «ТАРИХИ ТАРАЗ» КВЕСТ ОЙЫНЫ ӨТТІ

12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, тарихи-мәдени мұраға деген қызығушылығын арттыру және командалық бірлікті нығайту мақсатында «Тарихи Тараз» квест ойыны ұйымдастырылды.

Квестке Тараз қаласының белсенді жастары арасынан 8 команда қатысып, тарихи әрі мәдени нысандарды қамтыған арнайы маршрут бойынша өзара бақ сынады.

📍 Квесттің негізгі локациялары:
1️⃣ Абай ескерткіші
2️⃣ Жеңіс саябағы
3️⃣ Президент саябағы
4️⃣ Бейбітшілік ескерткіші
5️⃣ Шоқан Уәлиханов атындағы кітапхана

Қатысушылар әр локацияда түрлі тапсырмаларды орындап, өздерінің тапқырлығын, шапшаңдығын, тарихи білімін және командалық жұмыс қабілетін көрсетті.

🏆 Квестке:
🔹 «ЖК» Жібек жолы
🔹 ReJastar Team 1
🔹 ReJastar Team 2
🔹 «Кварадонна»
🔹 ADILET JASTARY
🔹 Luxury
🔹 Білім шыңы
🔹 Taraz Team командалары қатысты.

✨ «Тарихи Тараз» квесті жастардың туған қаланың тарихын тереңірек танып, тарихи орындарға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берген ерекше форматтағы танымдық іс-шара болды.

#ХалықаралықЖастарКүні #12Тамыз #ТарихиТараз #ЗаңМенТәртіп #ТаразЖастары Жастар Квест

07/08/2026

🏭 «Сұраныстағы мамандық» тақырыбында өндірістік экскурсия ұйымдастырылды

Ағымдағы жылдың 7 тамыз күні Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Қазфосфат» ЖШС-нің «Минералды тыңайтқыштар» (суперфосфат) зауытына жұмыссыз жастарға арналған «Сұраныстағы мамандық» тақырыбында өндірістік экскурсия өткізілді.

Экскурсияның негізгі мақсаты – 16–35 жас аралығындағы жұмыссыз жастарды өндіріс орнымен таныстырып, зауыттың жұмыс барысы, еңбек жағдайы және бүгінгі таңда сұранысқа ие мамандықтар туралы жан-жақты ақпарат беру.

Іс-шара барысында қатысушылар өндірістік цехтарды аралап, кәсіпорынның жұмысымен танысты. Сондай-ақ зауыт мамандары еңбекке орналасу мүмкіндіктері, қажетті біліктіліктер мен кәсіби даму жолдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жастардың сұрақтарына жауап берді.

Мұндай танымдық экскурсиялар жастардың еңбек нарығы туралы түсінігін кеңейтіп, мамандық таңдауға және тұрақты жұмыспен қамтылуына оң ықпал етеді.

07/08/2026

🔰Ағымдағы жылдың 7 тамыз күні Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» Коммуналдық Мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Тараз қаласы ТОО «Арай» тігін фабрикасы кәсіпорнына «Жастарға жұмыс» атты тақырыпта жастарға экскурсия өткізілді.

🔷Экскурсияның негізгі мақсаты – студенттерді өндіріс саласындағы ірі кәсіпорынның жұмысымен таныстыру, өндірістің заманауи технологияларын көрсету және болашақта осы салада еңбек етуге ынталандыру болды.Сонымен қатар, экскурсия барысында келесі міндеттер көзделді: өндірістегі еңбек қауіпсіздігі талаптарымен таныстыру; аяқ киім өндіру саласындағы мамандықтар туралы кең көлемде ақпарат беру; теориялық білімнің практикада қалай қолданылатынын көрсету; жастарды еңбекке баулу және кәсіби қызығушылықтарын арттыру.Іс-шараға 20 жас қатысты.

Address

Taraz
080001 - 080019

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when taraz_jastary posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share