Janr Жетісу әдеби клубы

Мақпал Мыса туған күн құтты болсын!
26/12/2022

Мақпал Мыса туған күн құтты болсын!

☆Күреспей шындыққа жетуге бола ма?, Ең жаманы қайсы: сәтсіздікке тап болу немесе батыл қадам жасамау?  Әдеби ортада жүрс...
04/05/2022

☆Күреспей шындыққа жетуге бола ма?, Ең жаманы қайсы: сәтсіздікке тап болу немесе батыл қадам жасамау? Әдеби ортада жүрсіз, шығармаларыңыз неге аз?
Осы сұрақтар кешегі оқылымда қойылды. ☆"Бейсенханнан қалған белгі" атты публицистиканың элементі бар әңгімемді жетісулық жас қаламгерлер жақсы талдады. Асыра мақтау болған жоқ, жанашырлықпен қамшылап, жазудағы олқы тұсымды тілге тиек етті.
☆Бір шығарманы ат төбеліндей аз ғана адам тыңдап, қаламгерлер талдап, пікір айтқаны ерекше күйге бөлейді екен.
Осы кештің өтуіне атсалысқан, алыста жүріп келе алмаса да тілекші болған, әлеуметтік желі арқылы құттықтап, тілек білдірген баршаңызға мың алғыс!!!
☆Құрылғанына бір жыл ғана болса да Janr клубы оқылым форматын бірте-бірте әдеби айналымға енгізіп келеді. Жақсы бастама жалғасын тапқай! Оқылымның үшіншісінде менің қаламымнан туған шығарманың талданғанын жақсылыққа баладым.
☆Адамдар арасына қалам күшімен ізгілік нұрын себуге ниет еткен жандар ниетіне жеткей!!
Мәтін @Дүтбаева Назым

Бүгін  жанрлықтар    НЗМ оқушылармен кездесті. "Өнерімді еліме арнаймын " деп  аталатын  шығармашылық  кешке  қатысқан  ...
21/04/2022

Бүгін жанрлықтар НЗМ оқушылармен кездесті. "Өнерімді еліме арнаймын " деп аталатын шығармашылық кешке қатысқан жетісулық қаламгерлер зияткерлік мектептің шығармашылық әлеуетіне риза болып қайтты.

Қара  көлеңкедегі  көркем  өнер.  #читка
26/02/2022

Қара көлеңкедегі көркем өнер. #читка

Жанрдың  1 жылдығы  Сағыныш  Намазшамованың  кешкі  оқылымымен  орайластырылды.
25/02/2022

Жанрдың 1 жылдығы Сағыныш Намазшамованың кешкі оқылымымен орайластырылды.

Бүгін! Бүгін! Бүгін!Ақпан айының 25 күні сағат 18.30-да Журналистер үйінің Мәжіліс залында  «Janr» Жетісу әдеби клубының...
25/02/2022

Бүгін! Бүгін! Бүгін!
Ақпан айының 25 күні сағат 18.30-да Журналистер үйінің Мәжіліс залында «Janr» Жетісу әдеби клубының ұйымдастыруымен ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің жеңімпазы, Мемлекеттік стипендия иегері Сағыныш Намазшамованың өлеңдерінің оқылымы (читка) өтеді.
Ақшамдағы әдеби кеште «Janr» әдеби клубының мүшелері ақынның "Менің мифім» кітабындағы өлеңдерді оқып, талдайды.
Шараға аталған клуб мүшелері, Талдықорғандағы аға буын әдебиетшілер мен оқырмандар қатысады.
Бұған дейін автордың «Бақыттың бағасы» (2007 жылы «Арыс» баспасы), «Сағыныш» (2009 «Төрт бөрі» баспасы) атты жыр жинақтары жарық көрген.
Оқылымды (читка) Жетісулық әдебиетші қауым екінші рет өткізгелі отыр.
Биыл «Janr» әдеби клубының құрылғанына 1 жыл толды. Клуб Жетісу әдебиетшілерінің шығармаларын насихаттау мақсатында құрылған еді.

   #1жыл  Жақында  тағы бір кеш өтеді.
21/02/2022

#1жыл Жақында тағы бір кеш өтеді.

21/02/2022
Жанрда  жақында  жаңалық!
21/02/2022

Жанрда жақында жаңалық!

"Əдеби еңбекті ешкім мақтаныш үшін жазбайды, ол мінез-ден  туады.  Ұлтының  қажетін  өтейді  сөйтіп... Көркем  əдебиетке...
10/02/2022

"Əдеби еңбекті ешкім мақтаныш үшін жазбайды, ол мінез-
ден туады. Ұлтының қажетін өтейді сөйтіп... Көркем əдебиетке деген көзқарасым: оның құндылығы сонда – нендей идеяны көтерген шығарма болмасын егер адам əлемінің сезіміне, жан дүниесіне қалай, қайтіп əсер ете алады дегеннен шығып жатады. Əсерге бөлей алса ғана ол əдебиет. Ой-тұжырым мəселесі екінші кезекте тұрғаны жөн, ал адамды өз əлеміне баурай тартып еліктіріп əкетер күші жоқ шығарма əдебиет емес, идеология ғана деп ойлаймын. Қазақстандағы əр қилы əдеби ағымдармен таныспын, əйтсе де олардың ешқайсысына енген емеспін, өз басым əдеби өмірде жұмысшы табының мүддесі жоғары ма, əлде ұлттың мүддесі жоғары ма деген тұжырымға елп ете қоймаймын. Ең əуелі кəсіп емес, мұң, шер, адам жаны бірінші көрінуге тиіс қой. Өзімнің жоғарғы оқу орындарында жастарды тəрбиелеу ісіндегі сындарымда, əдебиет мəселелері туралы жазған мақалаларымда осы қағидадан табан аударғаным жоқ.
Сосын «Мəдениет тарихы» деген еңбек жазып, сол бойынша Қазақ оқу-ағарту наркомында, Орынборда, Қызылордада дəріс оқып, адамзат қауымын ілгерілетер демеуші күш ғылым мен техникада жатқанын қадап айттым".

29 жылғы 18 маусым
Байтұрсынұлының қолы
(Бұл мәлімдеме Д.Досжанның «Абақты» кітабынан алынып, (187-188 б.) А.Байтұрсынұлы шығармаларының алты томдығына енгізілген)

Мұрат Есжанның парақшасынан алынды

Алтын тұғыр Талдықорғанға  жетті!
24/12/2021

Алтын тұғыр Талдықорғанға жетті!

"АЛТЫН ТҰҒЫР" ЖЕТІСУДА! Жазушы Есболат Айдабосын  Республикалық "Ауылым — алтын тұғырым" байқауының ЖЕҢІМПАЗЫ атанып, "А...
22/12/2021

"АЛТЫН ТҰҒЫР" ЖЕТІСУДА!

Жазушы Есболат Айдабосын Республикалық "Ауылым — алтын тұғырым" байқауының ЖЕҢІМПАЗЫ атанып, "АЛТЫН ТҰҒЫРДЫҢ" иегері атанды!

Address

Taldy-Kurgan

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Janr posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share

Category