Шұғыла

Шұғыла Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Шұғыла, Cultural Center, Shymkent.

24/09/2024
24/09/2024
Қатысып, бағыңызды сынаңыз, жас қаламгер!
15/07/2024

Қатысып, бағыңызды сынаңыз, жас қаламгер!

Жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлығына өтінімдер қабылдау жалғасуда.Әдеби сыйлыққа 18-35 жасқа дейінгі қаламгерлер бұрын халықаралық ....

15/07/2024

🖊«Айбоз» әдеби сыйлығының жүлде қоры - 35 миллион теңге

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына арналған шығармалар қабылданып жатқанын хабарлайды.

«Айбоз» - отандық қаламгерлерді мемлекеттік қолдау және қазақ әдебиетінің дамуына ықпал ету мақсатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі құрған ұлттық әдеби сыйлық.

📌Ұлттық сыйлыққа «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия», «Үздік әдеби аударма», «Үздік балалар әдебиеті», «Үздік әдеби сын», «Үздік комикс» номинациялары бойынша бұрын жарияланбаған туындылар қабылданады.

💰Байқауға отандық жазушылар қатыса алады және үміткерлердің жас ерекшелігіне шектеу жоқ. Әдеби сыйлықтың жалпы жүлде қоры – 35 млн. теңге. Әр номинацияға 5 млн теңгеден беріледі.

🗓Өтінім 2024 жылғы 1 мамырдан 1 қыркүйекке дейін www.aiboz.kz сайты арқылы жолдануы тиіс. Ұлттық әдеби сыйлық жыл соңында табысталады.

ℹ️ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

***

🖊Призовой фонд литературной премии «Айбоз» - 35 миллионов тенге

Министерство культуры и информации РК сообщает о продолжении приема произведений в рамках Национальной литературной премии «Айбоз».

«Айбоз» – национальная литературная премия, учрежденная Министерством культуры и информации РК в целях поддержки отечественных литераторов и содействия развитию казахской литературы.

📌Принимаются исключительно неопубликованные ранее произведения в следующих номинациях: «Лучшая проза», «Лучшая поэзия», «Лучшая драматургия», «Лучший литературный перевод», «Лучшая детская литература», «Лучшая литературная критика», «Лучший комикс».

💰В конкурсе могут участвовать отечественные писатели и нет ограничений по возрасту претендентов. Общий призовой фонд конкурса составляет 35 млн. тенге. На каждую номинацию выделено по 5 млн. тенге

🗓Заявки принимаются с 1 мая по 1 сентября 2024 года, отправлять их необходимо на сайте www.aiboz.kz. Вручение Национальной литературной премии будет в конце текущего года.

ℹ️Пресс-служба Министерства культуры и информации РК

15/07/2024

📚"23 сәуір - Ұлттық кітап күні" болып бекітілді

🔎"Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына толықтырулар енгізіліп, ҚР Үкіметінің №522 қаулысымен "Ұлттық кітап күні - 23 сәуір" болып бекітілді.

📌Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың "Адал адам - Адал еңбек - Адал табыс" атты үшінші отырысында кітапқұмарлық жақсы қасиет екенін атап өтіп, Ұлттық кітап күнін белгілеу туралы ұсынысты қолдайтынын жеткізген болатын.

✅️Қаулы 2024 жылғы 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

***

📚23 апреля — Национальный день книги

🔎"В постановление Правительства Республики Казахстан от 31 октября 2017 года № 689 "Об утверждении перечня праздничных дней в Республике Казахстан" внесены изменения и дополнения, и постановлением Правительства Республики Казахстан № 522 утвержден "Национальный день книги - 23 апреля"

📌Глава государства Касым-Жомарт Токаев на третьем заседании Национального Курултая "Адал адам — Адал еңбек — Адал табыс" отметил, что книголюбие является хорошим качеством и поддержал предложение об установлении Национального дня книги.

✅️Постановление вводится в действие с 16 июля 2024 года.

03/06/2024

🇰🇿🇰🇿🇰🇿

08/02/2024

📌ҚР Ұлттық кітапханасында әлемнің 3 мемлекетінде ғана кездесетін көне кітап сақталған

📚ҚР Ұлттық кітапханасының қорында Корея елінде кездесе бермейтін кәріс халқының мол мұрасы жазылған «Мунхон биго» көп томды кітабы сақталған.

📜Қорда тұрған жәдігердің сыртқы беті сарғыш жұқа мұқабамен қапталған. Парақтары біз пайдаланып жүрген кітаптардың парағына мүлде ұқсамайды. Өте жұқа. Дегенмен әріптері тайға таңба басқандай анық көрінеді. Яғни өте жоғары сұрыпта дайын­далған сия қолданылғаны көрініп тұр. Кейбір томдарының парақтары екі бетті, бір-біріне ұласпалы. Көне веньян тіліндегі қытай иероглифтері де неше түрлі көркем өрнектермен өріліп жазылған. «Мунхон биго» кітабының өзге кітаптардан бас­ты айырмашылығы кейбір томдарының парағы күріштен жасалған.

«Мунхон биго» көптомды кітабымен танысып, зерттеу мақсатында Корея, Италия, Америка мен ТМД елдерінен ғалымдар келген.

Көне веньян тілінде жазылған бұл энциклопедиялық жинақ 140 томнан тұрады.

Әлемнің 3 мемлекетінде ғана кездесетін "Мунхон биго" қолжазбасының ҚР Ұлттық кітапханасының Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорында 38 томы сақталған.

Мақаланы "Ана тілі" газетінің №4 санынан оқып таныса аласыздар.

Толығырақ: https://anatili.kazgazeta.kz/news/62653

Address

Shymkent

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Шұғыла posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share