Yko Museum

Directions

Yko Museum Түркістан облыстық Бейнелеу өнері музейі.
Туркестанский областной музей изобразительных искусств.

⚜️22-26.06.2026 ж. Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат м...
30/06/2026

⚜️22-26.06.2026 ж. Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі және Түрік Ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TİKA) қолдауымен «Қазақстан Республикасының музейлерін цифрландыру және дамыту» атты халықаралық оқу семинары ұйымдастырылды.

Халықаралық семинардың негізгі мақсаты – музей саласындағы цифрлық трансформацияны дамыту, халықаралық тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету, заманауи цифрлық технологияларды музей ісіне енгізу және музей мамандарының кәсіби құзыреттерін арттыру.

Спикерлер музейлерді цифрландыру, мәдени мұраны сақтау, заманауи технологияларды енгізу және тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау бағытындағы тәжірибелерімен бөліскен:
•Түркия Республикасы Мәдени мұралар және музейлер бас басқармасы, 15 шілде Демократия музейінің директоры Әли Хайдар Аталар;
•Түркия Республикасы Мәдени мұралар және музейлер бас басқармасы, Музейлер департаментінің музей зерттеушісі Гюльсехер Гюрген;
•Түркия Республикасы Мәдени мұралар және музейлер бас басқармасы, «Болашаққа мұра» департаментінің PhD дәрежелі археологы, ескерткіштерді қорғау жөніндегі маманы Перихан Дөнерташ қатысушылардың кәсіби білімін арттыруға өз үлестерін қосты.

Аталған халықаралық семинарға Түркістан облыстық Бейнелеу өнері музейінің ғылыми қызметкері Ермекбаев Елнұр және экскурсия жетекшісі Керімбек Ұлажан қатысып, 40 сағаттық оқу бағдарламасын сәтті аяқтап, арнайы сертификаттарға ие болды.

Музей мамандарының кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған мұндай халықаралық білім алмасу алаңдары музей ісін жаңа деңгейге көтеруге, заманауи технологияларды тиімді қолдануға және мәдени мұраны кеңінен насихаттауға зор мүмкіндік береді.

2026 жылғы 20 маусым күні Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) Жоғарғы соттары конференциясы делегаттарының Қазақстан Республи...
21/06/2026

2026 жылғы 20 маусым күні Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) Жоғарғы соттары конференциясы делегаттарының Қазақстан Республикасына сапары аясында Түркістан қаласында мәдени-рухани мазмұнға толы ерекше шара ұйымдастырылды.

Осыған орай Түркістан облыстық Бейнелеу өнері музейі Түркістан қаласындағы «Қолөнер орталығында» кезекті «ULYLARDYN OTANY» кескіндемелік көшпелі көрмесін көпшілік назарына ұсынды.

Көрме қонақтары мен шетелдік делегаттар өңірдің бай мәдениетімен танысып, Түркістан облысының қолөнер шеберлері жасаған бірегей туындыларды тамашалады. Сонымен қатар музей қорындағы құнды жәдігерлер мен ұлттық өнердің озық үлгілері көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырды.

Экспозицияда халықаралық симпозиум барысында дүниеге келген 40 үздік кескіндемелік шығарма ұсынылды.

Көрмені 300-ден астам адам, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қала қонақтары, халықаралық делегаттар, мәдениет саласының қызметкерлері, суретшілер мен қолөнер шеберлері тамашалады. Шара ұлттық өнерді дәріптеуге, мәдени байланыстарды нығайтуға және Түркістанның бай рухани мұрасын халықаралық деңгейде танытуға зор үлес қосты.

«ULYLARDYN OTANY» көрмесі – өңірдің ұлылығын ұлықтап, түркі дүниесінің ортақ мәдени құндылықтарын насихаттайтын маңызды өнер алаңы ретінде өз миссиясын жалғастыруда.

05.06.2026 жылы «Шым қала» тарихи-мәдени кешенінің 5 жылдығына орай «Тарих қойнауындағы Шым қала» атты халықаралық ғылым...
10/06/2026

05.06.2026 жылы «Шым қала» тарихи-мәдени кешенінің 5 жылдығына орай «Тарих қойнауындағы Шым қала» атты халықаралық ғылыми конференция өтті.

Ауқымды іс-шараға Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген тарихшылар, археологтар, этнографтар, музей ісі мен мәдени мұраны қорғау саласының мамандары қатысты.

Конференция аясында Бейнелеу өнері музейінің қызметкерлері өз зерттеулерін таныстырып, мақалалары конференция материалдарының жинағында жарық көрді. Атап айтқанда,экспозициялық бөлімінің меңгерушісі Бекталиева Рыскүл Ескендірқызы «TURKISTAN STYLE» халықаралық симпозиумының қазіргі бейнелеу өнерін дамытудағы рөлі туралы, Ермекбаев Елнұрдың «Бейнелеу өнері музейіндегі ғылыми-зерттеу қызметі және экспозициялық шешімдер» және Амангелді Ақеркенің «Бейнелеу өнері музейіндегі қор жұмыстары» атты мақалалары жарияланды.

Ғылыми конференция жұмысына белсенді қатысып, мәдени мұраны зерттеу мен насихаттауға қосқан үлесі үшін қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

Сонымен қатар, Бейнелеу өнері музейіндегі ғылыми-зерттеу және қор жұмыстарының өзекті мәселелері мен тәжірибесіне арналған мақалаларды «Шым қала» кешені: тарихи-мәдени мұраны сақтау және дәріптеу тәжірибесі» атты мақалалар жинағының 381–392 беттері аралығынан таныса аласыздар. Аталған еңбектер музей қызметінің ғылыми-зерттеу бағыттары мен қор сақтау ісінің маңызын жан-жақты ашып көрсетеді.

🏛️ 05.06. 2026 жылы “Шым қала” тарихи-мәдени кешенінің 5 жылдығына орай «Тарих қойнауындағы Шым қала» атты халықаралық ғ...
09/06/2026

🏛️ 05.06. 2026 жылы “Шым қала” тарихи-мәдени кешенінің 5 жылдығына орай «Тарих қойнауындағы Шым қала» атты халықаралық ғылыми конференция өтті.

Ауқымды іс-шараға Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген тарихшылар, археологтар, этнографтар, музей ісі және мәдени мұраны қорғау саласының мамандары қатысты.

Конференция аясында Бейнелеу өнері музейінің ғылыми қызметкерлері өз баяндамаларын ұсынып, ғылыми мақалалары жинақта жарық көрді. Атап айтқанда, Ермекбаев Елнұрдың «Бейнелеу өнері музейіндегі ғылыми зерттеу қызметі және экспозициялық шешімдер» және Амангелді Ақеркенің «Бейнелеу өнері музейіндегі қор жұмыстары» атты мақалалары жарияланды.

Ғылыми конференция жұмысына белсенді қатысқаны және мәдени мұраны зерттеу мен насихаттауға қосқан үлесі үшін қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
Сонымен қатар, Бейнелеу өнері музейіндегі ғылыми-зерттеу және қор жұмыстарының өзекті мәселелері мен тәжірибесіне арналған мақалаларды «Шым қала» кешені: тарихи-мәдени мұраны сақтау және дәріптеу тәжірибесі» атты мақалалар жинағының 381–392 беттері аралығынан таныса аласыздар. Аталған еңбектер музей қызметінің ғылыми-зерттеу бағыттары мен қор сақтау ісінің маңызын жан-жақты ашып көрсетеді.

🏛️2026 жылдың 01-03 сәуір күндері Түркістан облыстық Бейнелеу өнері музейінде “Экология, өлкетану және туризм орталығыны...
03/04/2026

🏛️2026 жылдың 01-03 сәуір күндері Түркістан облыстық Бейнелеу өнері музейінде “Экология, өлкетану және туризм орталығының” ұйымдастыруымен “Алтын қазына” көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының қалалық көрме-байқауы өтті.

🏆Көрме-байқау 7 номинация бойынша өтті. Көрме-байқауға 11-17 жас аралығындағы Шымкент қаласының 80-ге жуық жалпы білім беретін мектептері және қосымша білім алушылар қатысты.   Көрме-байқауға түскен жұмыстардың жалпы саны – 558 оның ішінде тоқыма бұйымдары – 229, ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу - 89, металды көркемдеп өңдеу - 34, ағаштан, тастан, металдан, саздан (қыш саз), сабан, тоқымадан шағын формадағымүсіндер жасау - 52, ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісінен - 48, қағаздан бұйымдар жасау - 79, ұлттық нақыштағы интерьердің ерекше дизайн-жобасы – 27.          

📅Бүгін 03 сәуір күні сағат 11:00-де марапаттау рәсімінде жеңімпаздар дипломдар мен бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

✨Жеңімпаздар, марапаттарыңыз құтты болсын. Еңбектеріңіздің жемісін көріп, биік белестерді бағындыра беріңіздер!

Address

Shymkent
160012

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Yko Museum posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share