Daryn Olzhabay

Directions

Daryn Olzhabay Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Daryn Olzhabay, Party Entertainment Service, Nur-Sultan.

31/08/2026

ЖАЗДЫ ОСЫЛАЙША ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫҚ! ☀️

Бір сәт артқа қарап едім - осы жазда біраз арманымның орындалғанын түсіндім.

Жаңа белестер. Жаңа орта. Жаңа мүмкіндіктер.
Ұмытылмас сәттер мен шынайы эмоциялар.

Осының бір бөлігі - осы видеода.
Кейбірі кадрға сыйды, ал кейбірі мәңгі жүректе қалды.

Бұл жаз маған көп нәрсе үйретті. Шыңдады. Шабыттандырды. Ең бастысы - одан да биік мақсаттарға жол ашты.

Алда бұдан да үлкен жоспарлар, жаңа жобалар мен жаңа белестер бар.

Бір нәрсе анық:
тоқтамау керек. Үздіксіз еңбек ету керек. Өйткені үлкен нәтиже - үлкен еңбектен туады.

Рақмет, SUMMER 2026!
Келесі маусымда кездескенше! 🚀

24/08/2026

🇰🇿 ҚҰРЫЛТАЙ – 2026

Ел тарихындағы маңызды күн. Жаңа кезең. Жаңа таңдау.

23 тамызда «Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен Құрылтай сайлауына арналған 16 сағаттық жалпыұлттық онлайн-марафон өтті.

Күні бойы елдің саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуына қатысты өзекті тақырыптар қозғалып, түрлі сала өкілдері бір алаңда бас қосты.

Осындай тарихи сәттің бел ортасында болып, «Qazaqstan» Ұлттық арнасының үлкен эфирінде қызмет ету мен үшін ерекше мәртебе әрі үлкен жауапкершілік.

Тікелей эфир. Үлкен команда. Ел назарындағы маңызды күн.

Құрылтай – 2026.
Қазақстанның жаңа дәуірі! 🇰🇿

#Құрылтай2026 #ҰлттықАрна #Қазақстан #Телемарафон ТікелейЭфир

20/08/2026
20/08/2026

OPEN AIR - 2026 🚀

19/08/2026

Open Air - Астана! 🔥
Қазақ елі монументінің төрінде, «Әділет» партиясының қолдауымен өткен ауқымды шара!

Мыңдаған көрермен, ерекше атмосфера, эмоция, драйв, тоқтаусыз энергия! ⚡️
Осындай үлкен сахнаның тізгінін ұстап, халықпен бірге бір толқында болу — ерекше сезім.

Астана, рақмет!
Эмоция үшін. Драйв үшін. Заряд үшін.
Кездескенше, Open Air! 🔥🇰🇿

19/08/2026

Бүгін Павлодардық 75 мың көрерменнің аддында Әділет партиясының Open Air концертін жүргіздік.

Кештің бас хедлайнерлері Роза Рымбаева, Раим және Садраддин.

Павлодардағы бүгінгі кештен қысқаша есеп осындай.

18/08/2026

ҚҰРЫЛТАЙҒА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

23 тамыз – еліміз үшін маңызды күн. Бұл күні Құрылтайдың I шақырылымы депутаттарының сайлауы өтеді.

Ел болашағы – әр азаматтың белсенді ұстанымынан басталады. Өз таңдауыңызды жасап, азаматтық жауапкершілік танытыңыз!

23 тамызда сайлауға қатысыңыз!

#іүз18дщ #18кұж #езэъ
#вүқ18вщ #18кңқ еіғқ
кімннти82
кімннти81

Address

Nur-Sultan

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Daryn Olzhabay posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share