Aibek 01

Aibek 01 Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Aibek 01, Art, Астана, Nur-Sultan.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»Жаттықтырушылармен жаттығу барысында.🥋🥋🥋
21/05/2022

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»Жаттықтырушылармен жаттығу барысында.🥋🥋🥋

Құрметті достар! Қазақстан барысы турниріне, Маңғыстау барысы іріктеу жарысын келіп тамашалаңыздар. Палуандарға жанкүйер...
05/05/2022

Құрметті достар! Қазақстан барысы турниріне, Маңғыстау барысы іріктеу жарысын келіп тамашалаңыздар. Палуандарға жанкүйер болыңыздар. Маңғыстау барысын бірге анықтайық.
Кіру тегін. Халық арена 17 ш/а. Сағат 17:00. .kz .kz .kz

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясысында Ассамблея жастарының негізгі мәселелері қозғалды. Мәселен, білім мен ө...
29/04/2022

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясысында Ассамблея жастарының негізгі мәселелері қозғалды. Мәселен, білім мен өз-өзін жұмыспен қамтамасыз етіп қоғамның бір мүшесі ретінде өзін жетілдіру туралы пікірлер айтылды.

Мен сессияға Маңғыстау облыстық жастар ассамблеясының мүшесі ретінде қатысып, оқу орындарындағы спорттық секциялары болса деген пікірімді білдірдім.

“Ел Президенті спортты қолдауда жаңа бағыт көрсетті. Сол жобада жастарды спортқа баулысақ деген тілегім бар. Әр мектепте, Жоғарғы оқу орындары жанынан спорттық секциялар ашылса, “дені сау ұрпақ - ұлт болашағы” деп білемін. Берік Бақытжанұлына рақмет, Есенов атындағы университетте спорттық секциялар ашылып, жастарымыздың бос жүрмеуіне, бос уақытын далаға төкпеуіне көп үлес қосатынына сенемін. Спорт бар болса, нашақорлыққа жол болмайды. Еліміздің көк байрағын осы спортпен әлемдік ареналарда желбіретеміз. Себебі, мемлекеттік әнұранымыз шетелдерде екі жағдайда орындалады. Бірі Президентіміз іс-сапармен барғанда, екіншісі спортшылар жеңіске жеткен сәтте. Сол себепті спорт саласында, жастарды қолдауға шақырамын.
#қазақстанхалқыассамблеясы #жастарассамблеясы 🇰🇿🇰🇿🇰🇿

Ассалаумағалейкум құрметті достар. Польша елінің Познан қаласында өтіп жатқан, дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогынде...
23/04/2022

Ассалаумағалейкум құрметті достар. Польша елінің Познан қаласында өтіп жатқан, дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогынде спортшыларымыз:
Марханбетов Мерей 🥇
Серикбаев Нурканат 🥈
Жубаткан Нурсултан 🥉
Зайзагалиев Нурсултан 🥈
Жүлделерге ие болды.
“Еңбек-бәрін жеңбек”.🇰🇿🥋
#жеңістікүндерімізкөпболсын

23/03/2022

Ассалаумағалейкум құрметті достар.
“Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында Т. Жолдыбаев атындағы дзюдо орталығының ұжымы, жаттықтырушылары мен спортшылары бірлесіп “Таза аула” челенджін қолға алды. Тазалық - денсаулық кепілі. «Таза Қазақстан» , «Таза аула» , « әр жанұядан бір ағаш”, көшет отырғызу челеджін Ш.Есенов атындағы университет ректоры Ахметов Берік Бақытжанұлына, Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Бейсембинов Асель Сайдугалиевнаға, Маңғыстау телеарнасының басшысы Ануарбек Қосымұлына, обылыстық спорт мектебінің директорларына және барлық маңғыстаулықтарға жолдаймын. Барша студенттер мен оқушыларды, спортшыларды, өскелең ұрпақты өз ауласын таза ұстап, ағаш отырғызуға шақырамын.✊
#тазақазақстан #тазақала #тазалықөзімізденбасталады
#жалғастырамыз

18/02/2022

Нәтижеге қолы жетпей шын күткен
Дүниені бүлдіреді дүрліккен
Алтының да, мұнайың да, газың да
Қымбат емес, тыныштық пен бірліктен
М.Әлібеков
Ассалаумағалейкум достар!
Елдігімізді сақтау үшін бірлік керек. Елді, жерді сақтау ата-бабаның аманаты, ал аманатқа қиянат жасауға болмайды, жеріміздің әрбір телімін сақтап қалуда ата-бабамыздың қаны бар екенін ұмытпау керек.
Сирия, Ливан оқиғаларына көз жүгіртсек бейбіт шерудің соңы, өкінішке қарай қанды қырғынға, қасіретке ұласып отырғаны  белгілі. Оқиға, көтеріліс, революция болмасын, олардың себеп-салдары, қозғаушы күші, нәтижесі болады.

Қаламызда тыныштық пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, бейбіт халықты қауіп-қатерден аман сақтау әрбір азаматтың басты мақсаты деп ойлаймын. Тыныштық пен бірлік үшін халыққа үн қосу, заңсыздық әрекеттерге жол бермеу барша Қазақстан азаматтарының парызы деп білемін! Еліміз аман, жұрт тыныш болсын! 🇰🇿🇰🇿🇰🇿

Жыл қорытындысы: алғыс пен марапатМаңғыстау облыстық  дзюдо федерациясының Президенті Асылбек Тұрарұлы Жолдыбаев 2021 жы...
31/12/2021

Жыл қорытындысы: алғыс пен марапат
Маңғыстау облыстық дзюдо федерациясының Президенті Асылбек Тұрарұлы Жолдыбаев 2021 жылды қорытындылап спортшылар мен бапкерлердің, дзюдо спортының ардагерлерінің басын қосты.
Жиынға облыстық дзюдо федерациясының президенті Асылбек Тұрарұлы, вице-президент Нұрлыбек Қыдырғалиұлы және дзюдо федерациясының рефери директоры Әділ Темірханұлы қатысты. Одан бөлек, дзюдо спортының ардагері Мухсин Қуанайұлы мен спорт мектеп басшылары да осы жиыннан табылды.

Асылбек Тұрарұлы спорт деген ұлы жолда жүрген әр жанның еңбегіне алғыс білдіріп, келер жылға толағай табыс тіледі.
Осы жылда жақсы нәтиже көрсеткен дзюдошыларға сыйақы табыстап, өңірдегі дзюдо спортының бірқатар ардагерін «Дзюдо спортын дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен және алғыс хатпен марапаттады. Жыл бойы табанды еңбек еткен бапкерлер мен төрешілерді де марапаттады.
Сондай-ақ, самбо федерациясының президенті Айдос Ақжановқа, қазақ күресі федерациясының президенті Аббат Өрісбаев Жәңгірханұлына, бокс клубының директоры Ердос Жаңабергенов Үсенұлына, спорт жанашыры кәсіпкер Сұңғат Мұңалбаев Аңшыбайұлына, жеке кәсіпкер Бимырзаев Иса Ыбырайымұлына дзюдошылардың жиынына қош келдіңіз айтып, алдағы жылға жемісті еңбек пен жеңісті күндер тілеп, дзюдоға қосқан үлесіне алғыс білдірді.

Өз кезегінде Маңғыстау обылыстық маслихат депутаты Аббат Жәңгірханұлы Халықаралық "Жеті жарғы және Қожаберген жырау" қоғамдық қайырылымдық қорының төрағасы Б.Т. Тұрғараевтың атынан, киелі Бекет ата кесенесінің ашылуына қосқан үлесі үшін "Ерлер есімі, ел есінде” медалін Маңғыстау дзюдо федерациясының президенті Асылбек Тұрарұлына марапатпен табыстады.

Маған үнемі өзімді таңсық әрі тың дүниелерде сынап көру қызық. Баламасы жоқ «Дала батлды» жобасына қатысуға ұсыныс алған...
30/12/2021

Маған үнемі өзімді таңсық әрі тың дүниелерде сынап көру қызық. Баламасы жоқ «Дала батлды» жобасына қатысуға ұсыныс алғанда, қуана қабылдадым. 10 күн бойы экстремалды сынақтардан өттік. Қызығы мен қиындығы қатар келген сынақтардың біразы артта қалып, мәресіне жетуге де аз қалды. Берері мол жобаны танытуға атсалысқан агенттігіне және арна басшыларына алғыс білдіргім келеді 🙌🏻 Жоба авторы бауырымыз. Серіктестері: 📌Отандық өнім .kz шекілдеуіктері; 📌.kz қара зере майы; 📌 дәмханалар желісі; 📌.tea Бүгін 21:30-да «Хабар» арнасын қосып, кезекті байқауды тамашалап, Жанқош екеумізге қолдау көрсетуге шақырамын!

Айбек, сәлеметсіз бе!Текст: Құрметті оқырмандар! парақшасында біздің қатысуымызбен байқау өтіп жатыр. Бүгін 21:30-да «Ха...
28/12/2021

Айбек, сәлеметсіз бе!

Текст: Құрметті оқырмандар!
парақшасында біздің қатысуымызбен байқау өтіп жатыр.

Бүгін 21:30-да «Хабар» арнасын қосып, Тәуекел екеуміздің бүгінгі тапсырманы орындап болған сәтімізді теледидардан түсіріп, сториске жүктеген бірінші оқырманға қаржылай сыйлық бар екен.

Қатысып, жаңа жыл алдында өзіңізді не жақыныңызды қуантып, сыйлыққа ие болыңыздар. Толық ақпарат парақшасында.

Address

Астана
Nur-Sultan

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Aibek 01 posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share

Category