aselleramadan

Directions

aselleramadan Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from aselleramadan, Art, Nur-Sultan.

10/09/2026

#құраноқыпүйренейік #тәжуидкурсы #құранастана #тәжуидонлайн #тасхихкорана

05/09/2026

Үй тапсырмасыз, тез әрі жеңіл жолмен Құран оқып үйренгіңіз келсе, курстарымызға жазылыңыздар
Ватсап номер профильде

АРАБ ТІЛІ | ТАДЖУИД| ҚҰРАН |АСТАНА Египет, Сирияда тілдік стажировка өткен 15 жылдық тәжірибесі бар арабист, 500-ге жуық қыздардың Құранға түсуіне көмектескен

#құраноқыпүйренейік #құранастана #тәжуидкурсы

21/08/2026

قَالَ هَٰذَا رَحْمَةٌ مِّن رَّبِّى ۖ فَإِذَا جَآءَ وَعْدُ رَبِّى جَعَلَهُۥ دَكَّآءَ ۖ وَكَانَ وَعْدُ رَبِّى حَقًّا

қаалә һәәǯәә рахмәтум мир-раббии, фә-иǯәә жәәʻә уәъду раббии жәъаләһу дәккәә˚, уә кәәнә уәъду раббии хаққаа

Зуль-Карнаин сказал: «Это – милость от моего Господа. Когда же придет обещание Господа моего, Он сровняет это с землей. Ибо обещание моего Господа истинно (и непременно свершится)».

Зұлқарнайн (бөгетті тұрғызып болғаннан кейін): «Бұл Раббымның рақымы, (бізге деген) жақсылығы. Ал енді Раббым уәде еткен уақыт келгенде, оны жермен-жексен етеді. Раббымның уәдесі хақ (міндетті түрде орындалады)», – деп айтты.

(«Кәһф» сүресі 18:98)

#жұмамүбаракболсын #құраноқыпүйренейік #кәһфсүресі ❤

07/04/2022

«Хатым» сөзін араб тілінен аударсақ – «бітіру», «аяқтау» деген мағынаны береді. Ал фиқһтағы мағынасы «бір кісінің Құран Кәрімді бастан-аяқ оқып шығуы» деген сөз.

Хатымға туған-туысқан, жақын-жуық пен досжаран боп жиналған дұрыс. Өйткені Құран кәрім хатым етілген жер ерекше нұрға бөленіп, Алланың рахметі жауады. Ал хатымнан кейін дұға ету мүстахаб.

Абдулла ибн Аббас (р.а.) хатым оқитын адамға қызметшісін жіберіп, хабар алдырған. Хатым аяқталар кезде өзі де баратын көрінеді. Ал Әнәс ибн Малик (р.а.) хатым еткен кезде бала-шағасын жинап дұға ететін болған.

Жалпы хатымға қатысудың маңызы жайында көптеген хадис бар. Соның бірнешеуін мысалға келтіргенді жөн көріп отырмын.

«Хатымды оқыған және тыңдағандардың дұғасы қабыл болады» (Әбу Нуайм).

«Хатым еткен адамның дүние мен ахиреті үшін жасаған дұғасы қабыл болады» (Бәйһақи).

© ummet.kz

07/04/2022

Қасиетті Рамазан айы мүбәрәк болсын 🤲
Әр жылы осы айда Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с. Жебірейіл періштемен бірге Құранды бастан-аяқ оқыған.

Сол керемет сүннетке сай бүкіл мұсылмандар Рамазан айында Құранды толық хатым етеді.

Мен де биыл Құран оқуымды сіздермен бірге бөліскім келді.

инщаАллаһ Құран тыңдаушыларға мол сауап бар.

Арабша оқи алмасаңыз, аудармасын ашып қатар оқысаңыз НҰР ҮСТІНЕ НҰР болар еді 😇

Ендеше Рамазан айының соңына дейін әр күні сағат 15.00де Құран тыңдауға құрметті оқырман ХАНЫМДАРДЫ шақырамын.

1 күнде 1джуз (20 бет) оқылады. Әдетте 1 сағаттай уақыт алады.
Ин ща Аллаһ ✨

Әдеттегі жағдайБалалар қатты шулап, ойнап жатты. Бір кезде басқа бөлмеде жұмыс жасап жатқан атасы шыдамай, " кім бұл шул...
25/01/2022

Әдеттегі жағдай

Балалар қатты шулап, ойнап жатты. Бір кезде басқа бөлмеде жұмыс жасап жатқан атасы шыдамай, " кім бұл шулап жатқан? қоймасаңдар, қазір бір тышқан кеп алып кетеді" деді. Оны қостап әжелері, "қазір көрші апа" естіп алып кетеді деп бір айтты 🤭 сонда мен почему-то біздің Елбасыларымызды ойладым. Олар барлығы бір поколение сондай бір қорқытулармен өскен. Өскен соң бар білгендері сол екен ғой, тек отбасыда ғана емес, жұмыста да(ел басқарса да) көрген тәрбиесімен бөліседі екен деген ой келді.

Мысалы, халыққа немересі сияқты қарап, олар шулап кетсе, қазір сендерді кеп ОДКБ әскері алып кетеді, 'әтат' қылады деп қорқытудан басқа жолын білмейді екен ғой. Отбасымызда сондай шулаған кезде, немесе бір зат ұнамаса, керісінше бір зат ұнап, бала соны алған кезде, көбіне машинально ұрысып жатамыз.
Диалог құрып, "балам, саған мынау унаған екен, ала ғой" дейміз бе ? Или "неге рұқсатсыз аласың, бұл ұрлық болды, тиме түртпе, тыныш отыр, анда кет, мында кет, зачем тебе " деген сияқты сөздерді қолданамыз ба?)) бала бір күнде сол сияқты сөздерді неше рет естиді екен?

жалғасы👉🏻

#құранкәрім #құраноқыпүйренейік #құранмұғжиза

Тәжуид іліміне қалай келдім? 2 часть✨Сонымен араб тілін үйрене бастаған мен Құран оқып үйрену үшін универдегі алып жүрге...
18/12/2021

Тәжуид іліміне қалай келдім?
2 часть✨

Сонымен араб тілін үйрене бастаған мен Құран оқып үйрену үшін универдегі алып жүрген білімнің жетпейтінін түсіндім. Ол үшін арнайы тәжуид ережелерін меңгеру керек еді.

Алғашқы курстарда Алматының мешіті жанындағы шағын медреселеріне сабаққа барып жүрдік, сосын ұстаздардан жеке сабақ алдым.
Ал 2-курста Мысыр еліне тілдік стажировкаға барып, университет ішіндегі Қари қыздардан дәріс алдым. Каир қаласында қатты ұнағаны мешіт көп болатын. Намаз қаза болады деген уайым жоқ, кез келген көше бұрышындағы шағын мешітке кіріп оқуға болатын. Тағы бір кереметі қай мешітке кірсең де, дәріс жүріп жататын. Дәріске кіріп тыңдап кетуге болады.

Сонымен, Құранды тәжуидке сай оқуым сонау 2007 жылдан басталған екен.
Құранды оқығым келе беретін. Тәжуидке сай Құран оқығалы универдегі ұстаздарым да арабша дыбыстауым жақсарғанын байқады. Құранды тек нақышына келтіріп оқып қана қоймай, тезірек мағынасын да түсінгім келетін. Енді араб тілін тек ірі компанияда жұмыс істеу үшін емес, Қасиетті кітаптың оригиналын түсіну үшін оқып бастадым.
Аллаға шүкір 14 жылдан бері Құран ең сүйікті кітабыма айналды.
Осы махаббатыммен сізбен де бөліскім келеді... Оның алғашқы қадамы араб әріптерін үйрену...

#тәжуид #құраноқыпүйренейік #тәжуидүйрену #арабтілі #арабтілінүйренеміз

Тәжуид іліміне қалай келдім? Осымен 2ші рет бұл керемет ілімге кездейсоқ келудемін. Алғаш 11 сынып бітіргенде грант кере...
13/12/2021

Тәжуид іліміне қалай келдім?

Осымен 2ші рет бұл керемет ілімге кездейсоқ келудемін.
Алғаш 11 сынып бітіргенде грант керек болып араб тілін таңдағанмын. Ондағы мақсат Алматы сияқты үлкен қалаға барып, Ұлттық университетте оқу. Әрі қарай мұнайлы бай араб елдерінің бірінде ірі компанияда аудармашы болу еді 😁
Немесе дипломаттық қызметпен шетелдерде шалқып жұмыс жасағым келді. Жалпы бұл ойларымды толық іске асырмасам да жалпы көп арман-мақсаттарыма жетіппін Аллаға шүкір 🤗
Бірақ ата-анам үшін өкінішке орай шығар, менің үлкен бақытыма орай бірінші курсқа түскеннен намаз оқып бастадым. Өмірім де осымен до /после болып 180°қа өзгерді.

Намазды мен тек күніне 5 рет оқып қоя салатын бір әдет ретінде қарағам. Не де болса, алғашқы намазымнан бастап жүрек түйсік сана сезімім барлығы керемет бір өзгеріске енді. Алладан сұраған шынайы махаббатымды таптым, шынайы сенімді достар таптым.

Әрине ата-анам туған туыс мені бірден қандай да бір сектаға түсті деп ойлады. Шын мәнінде ешқандай секта жоқ еді 😁 біз бәріміз курстастар, намазды қалай оқу керек, Ислам деген не, Құран оқу дегенді самоучка болып үйренген қыздар едік. Өзіміз мешіттің қасындағы діни дүкендерден кітаптар алып, қандай хадис оқысақ, бірден іске асырғымыз келетін. Солай орамалдағы бүкіл мұсылман әпке-сіңілдерімізге 'за километр' айқайлап " Ассалаумағалейкум" деп амандасып жүрген кездер болды. Юношеский максимализм ұрып тұрды. Кішкене бір кітап оқысам, бірден ата-анама хабарласып, оларды үйреткім кеп тұратын 🤭Әрине менен осындай фанатизм байқамаған отбасым үрейлене бастады.

Жалғасы келесі постта👉🏻
Қызық болса, комментарий қалдырып, лайк баса отырыныздар🙌
Қолдау күтеміін🤗

✨ Құран оқып үйрену оңай ма? Қанша жыл оқысам да, Құранды дұрыс үйрене алмадым. Неге?🤔Осы сұрақты тыныш отырғанда сұрап ...
06/12/2021

✨ Құран оқып үйрену оңай ма?

Қанша жыл оқысам да, Құранды дұрыс үйрене алмадым.
Неге?🤔
Осы сұрақты тыныш отырғанда сұрап көріңізші өзіңізден. Не дер екен жаныңыз? Бұл бір психологиялық амал. Осылай сұрақ қою арқылы түпсанаңызбен байланысқа келіп, неліктен ойыңызда жүрген қаншама арман-мақсаттарыңыз орындалмай жатқанын анықтауға болады. Соның бірі - Құран оқып үйрену.

Бәлкім балалық шақта Құран қасиетті кітап, ол “тек жоғарыда тұру керек, жәйдан - жәй тимеу керек” деген сияқты тиыммен өстіңіз бе?
Немесе, Құран оқып бастаса, мешіттен шықпай тек сол бір "тура жолда" жүрген, шынайы өмірден қалып қалған ақ оранған бір Қыдыр ата болып кетем деп ойлайсыз ба?
Не соңғы 20 жылда БАҚ арқылы енген 'установка' бар. Ол намаз оқыса, Құран оқыса болды 'вахабит' 'сектант' болып кетеді, сосын КНБ тергейді деген сияқты ойлар.

Бұл ойлардың не діни не ғылыми дәлелдері жоқ❌

Расымен, түпсанаңызға(подсознание) бір кіріп шықсаңыз, бұдан да басқа күлкілі не мардымсыз ойлар шығады. Соның бәрін қағазға жазып, ой елегінен өткізсеңіз, бұл жәй ғана ойлар, біреудің пікірлері екенін түсінесіз.

Құранда осындай бос қате ойлар туралы көп аяттар бар. Соның бірі Кәһф сүресінің 4-7 аяттарында жазылған.
4-аят: "Сондай-ақ: “Алланың баласы бар” дегендерді ескерту үшін (Құранды түсірді).

5-аят: (Алланың баласы болуына байланысты) не өздерінің не аталарының мәліметі жоқ. Ауыздарынан шыққан сөз тым үлкен. Негізінде олар мүлде өтірік айтады.

6-аят: (Мұхаммед Ғ.С.) енді олар бұл Құранға сенбесе, арттарынан кейіп, өзіңді жоя жаздайсың.

7-аят: Біз адам баласының қайсысы жақсы амал істейді деп сынау үшін жер үстіндегі нәрселерді жердің көркі қылдық.

7-аяттан адамның осы өмірге жіберілу мәнін де аңғаруға болады.
"Біз адам баласының қайсысы жақсы амал істейді деп сынау үшін жер үстіндегі нәрселерді жердің көркі қылдық".

Ендеше адамдардың ойларына ере бермей, Құрандағы ақиқат Нұрына бөленіп, осы өмірде ізгі амалдар жасап үлгерейік🤲🏻✨

Address

Nur-Sultan

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when aselleramadan posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share

Category