07/03/2021
«Наруто Узумаки»... Кейбіреулер айтатындай, бұл – жай ғана балалар көретін өнер туындысы емес. Жоқ, керісінше, бұл – ақыл тоқтатқан адамдарға ғана арналған дүние. Жалпы Жапония халқының менталитетінде аниме мен манга (жапониялық комикс) үлкен рөл атқарады. Сол себептен де олар бұл сала десе, ішкен астарын жерге қояды. Біздің халық теледидардан ток-шоуларды көруді ұнатса, ол елде аниме мен мангага деген қызығушылық жоғары деңгейде. «Наруто» да – сондай туындының бірі. 2002 жылы алғаш жарыққа шыққан туынды 15 жыл бойы көрсетіліп, соңғы сериясы 2017 жылы аяқталды. Шамамен көруге кететін 300 сағат расымен де өз-өзін ақтап шығады. Бұл туындының негізі идеясы жетімдік, дұшпандық, достық, өмірге деген түрлі көзқарастар жайлы. Туындыдағы жауыз кейіпкерлер ең сүйікті кейіпкерлеріңізге айналады, себебі олардың мотивтары тұңғиықта жатады. «Нарутоны» көрсеңіз, қалған сериалдар мен киноларды көрмей-ақ қойсаңыз да болады. Бұл қарапайым зат болса дүниежүзілік аренада осыншама танымал болмаушы еді. Бұл анимені көрген адамның санасы міндетті түрде өзгеретініне күмәнім жоқ.
P/S: Егер де көруге бел бусаңыз, онда сюжеттен тыс филлер серияларсыз көріңіз, әйтпесе артық 100 сағатыңыз кетіп қалады.
Instagram сілтеме : instagram.com/xnurgulan
Telegram канал: https://t.me/xnurgulan
YouTube сілтеме: https://youtu.be/ONo80gLVuX0 (профильімнің шапкасындағы биоға өтіңіз)
#наруто #қазақшанаруто #қазақшаанмие #қазақшадыбыстама #қазақшадыбыстау #нарутоузумаки #акацуки #қазақшаманга #казакшанаруто #нарутоказакша #казакшааниме #казакшадыбыстама #даттебайо #нарутонаказахском #итачи #мадара #шисуи