24/06/2026
Бүгін мен үшін ерекше қуанышты әрі мақтанышқа толы күн.
Анашымның мемлекеттік қызметте ұзақ жылдар бойы адал атқарған еңбегі еленіп, төсбелгімен марапатталуы – біздің отбасымыз үшін үлкен мәртебе. Бұл марапат – сан жылдық қажырлы еңбек пен жауапкершіліктің, елге деген адал қызметтің жемісі.
Бала үшін ата-анасының жетістігін көруден асқан бақыт жоқ шығар. Анашымның еңбекқорлығы, табандылығы мен адамгершілігі бізге әрдайым үлгі болып келеді. Бүгінгі алған марапатыңыз – тек Сіздің ғана емес, Сізді қадірлейтін әріптестеріңіз бен отбасыңыздың да қуанышы.
Анашым, Сізбен мақтанамын! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, еңбегіңізге береке тілеймін. Еңбегіңіздің жемісін көріп, әрдайым абырой биігінен көріне беріңіз!
Құтты болсын, аяулы Анашым!