Sanjakbi Sazi

Sanjakbi Sazi Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Sanjakbi Sazi, Arts and entertainment, Almaty.

05/09/2018

-Ассалаумағалейкум, Ата-бабасының атының ізі
Қазақ жерінде қалған, Атасы батаға, баласы жотаға ұмтылған, Қырандай алғыр Қандастарым!!!
«Әрбір Қазақ Менің Жалғызым»
Мейрманов Е.
Менің Ойтолғауым.....
Мейрман Ақсуатты қимай кеткен
Махаббат ұрпағына силай кеткен
Мейрман немересі Еркінбайда
Бас иіп, Ақсуатты силай кеткен.-
дей отыра мен, өз ойтолғамымды бастайын :
Менің атам Мейрман Кенішбайұлы бала кезінен еркіндікте өскен, аса даулетті ШҚО Ақсуат ауыл биінің ұрпағы болған.
Қызыл Империя саясатын сүймей , өз ісінің аса шебері «Арабай» батырдың қолдауымен 1923 жылы Қытай мемлекетіне туыстарымен «Бақты» шекара бекетін бұзып өткен........
Даулеті «Кенішбайдың» судай тасқан
Төрт түлік «Асау Боғас» мысын басқан
Қай жерде қай өлкеде жүрсемдағы
Уаа, Ақсуат, Жер барма екен
Сеннен асқан!!!
Мейрманның рухты, жігерлі, бір сөзді болуына Қазақтың әйгілі суырып-салма ақыны Ақан Серінің берген батасы ықпал етті.
Мейрманның әкесі Кенішбай бірнеше рет Ақан Серімен табақтас болған, сол бір жиында Кенішбайдың қонақжайлылығына риза болған Ақан Сері қолын жайып
-Мына ұлыңның кіндігінен тараған ұрпақ , рухты болсын- деп бата берген.
Туған жерін , иісі Қазақты құлай сүю, қан , генетика арқылы Мейрман немересі маған, яғни «Еркінбайға» берілді.
Осы берілген бата менің, түнде түсімнен, ет жесем тісімнен, тірлік етсем ісімнен кетпеді.
Бүгінгі таңда табиғи талантымның арқасында: Арқалы, Айбынды бірнеше ақынның Рухты өлеңдерін жатқа оқып, «Қара» Домбырамен 2-сағаттық Тегін Концертімді Сіздерге яғни Шетелдегі,Туған жерін сағынып жүрген Иісі Қазақ, Қандас бауырларыма ұсынуға әрқашанда әзірмін!!!
(Егерде Сіздер Мені қалап шақырту қағаз жіберсеңіздер)
Менімен тағдырлас, Эпиграфымды ұққан, құйма құлақ Шет елде, Жырақта жүрген, Текті Қазақ Ұрпақтары аман жүрулеріңе тілектеспін.
P.S. «Ағайын –туыс демеймін, Атымды кім атаса, соны қолдап жебеймін!!!»

Address

Almaty

Telephone

87004046724

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Sanjakbi Sazi posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share