AyaKen

AyaKen Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from AyaKen, Art, Almaty.

31/10/2020

Оюды ЗИГ ЗАГ операциясымен қондыру.

Әр-түрлі жиілікпен зиг-загты өзгеруге болады.

Сіз машинаңыздың бүкіл операциясын қолданып көрдіңізбе?

25/10/2020

Бұндай видеоны алғаш түсіруім🙈🙈🙈

Қолдамаңыздар❤️

Дайрекке көөөп ханымдар орамал мен күнделікті киімдерді үйлестіруді көрсетіңізші деп сұраған соң бүгін осы видеоны түсіруді жөн көрдім.

Бір түсті орамал қаншама киіммен жараса береді.

Сізге қай образ жақын?

Жаңа білім жаңа белестерге есігін ашады!Менің стористерімді көріп жүргендер болса біледі, дәл қазір мен студент оқушы бо...
21/10/2020

Жаңа білім жаңа белестерге есігін ашады!

Менің стористерімді көріп жүргендер болса біледі, дәл қазір мен студент оқушы болып жүрмін.

Мектептің табалдырығын аттаған соң өзімді тап-таза парақтай ойымды тазалап кіремін.

Бірінші сабақтан бастап басымыздағы КОРОНАМЫЗДЫ шештік!

Білім алудағы ең басты қағида осында екен, көөп нәрсені білем деп ойлағанмен сабақ барысында басқаша болып келді.

Расындада ЭГО-мызды жеңіп сізге айтылған критиканы позитивті түрде қабылдау әркімнің қолынан келе бермейді деп ойлаймын.

Расында жаңа білім мені оятып жатыр, бұрын өз қабілеттерімді менсінбей жүрсем, сол қабілеттерім мені алға жетелейтініне көзім жетті.

Бірақ бұның барлығына мен тек күнде өзіммен жұмыч жасап ескі қағидаларымды түзетумен жыласамда құласамда мақсатыма Алланың қалауымен келе жатырмын.

Корона мен ЭГО ны сіз қалай түсіндіңіз?

20/10/2020

Срочнооо осы құрал керек😱😱😱

Тез әрі ыңғайлы!!!

Қазір осындай құрылғыны уже сатып жатыр деп естідім.

Тееез тоқып сатсаңызда қандай керемеет😍❤️

СТРЕСС сізді өсіреді, немесе ӨШІРЕДІОсыдан 10 жыл бұрын, тамаша ательеге оқуымды бітірген соң орналасқан кезім еді.Жаспы...
15/10/2020

СТРЕСС сізді өсіреді, немесе ӨШІРЕДІ

Осыдан 10 жыл бұрын, тамаша ательеге оқуымды бітірген соң орналасқан кезім еді.

Жаспын, көзімде розовый очки)

Үлкен әйелдер коллективінде жұмыс жасадым. Зарплатам айына 4500- 14500 тг арасында.

Маман ретінде менің дәрежем -0.

Менің арманым мақсатым сол жерде конструктор немесе администратор болып өсіп табыс тапсам екен деген болды.

Бірақ менің мүмкіндігім дәл сол кезде 2-3 ай тек реставрация болды.

Жаңа итальянский киімдерді сөгіп ішін көру маған бір бөлек әлем сияқты көрінетін.

Бірақ коллективте үнемі интрига, басекеміз қатал адам болды. Бірақ ол кісінің прессінен реально жақсы нәтижеге жететінсің.

Бірақ ол кісінің жүрегі жұмсақ болатын. Әлі күнге дейін ризамын❤️
Өте требовательная.

Күнде жылап келетінмін үйге😭😂
Ертең жұмысқа бармаймын деп, солай почти күнде айтатынмын😅
Сөйтіп жарты жылдай істеппін.

Бірақ сол пресстің арқасында нәтиже көрсеттім.

Бұл жерде өзімді мақтау деген емес, тәжірибе оңай болған жоқ.
Тура солай сияқты мағанда қанша жастар келіп жұмыс жасады.

Бірақ мен айқай шу көтеріп ешкімді пресстемеппін.

НО кішкентай стрес болдыма кәдімгідей ҚАШАДЫ ғой😅
Жоқ болып, жұмысқа келмей)

Қаншама практиканттар, ұлыда қызыда.

Қазір көөп жастар бір заттан екінші затқа секіріп, өздерін жоғалтып алған сияқты.

14/10/2020

Тері немесе мехтарды осылай кескен ең дұрысы.

Мех-ті осы тәсілмен кессеңіз қылшықтары түспейді.

Тігінге икеміңізді анықтайтын 7 күндік КУРС! Мен соңғы айларда байқасаңыздар белсенділігім жоғалып кетті.Себебі оның өз ...
13/10/2020

Тігінге икеміңізді анықтайтын 7 күндік КУРС!

Мен соңғы айларда байқасаңыздар белсенділігім жоғалып кетті.

Себебі оның өз ісіме жұмысыма, жасап жүрген сабақтарыма сараптама жасадым.

Қосымша білім алудамын. Адам өзгермейді тек көз қарасы ғана өзгереді демекші, жалпы өзімше кішігірім зерттеулер жасадым.

Пандемия кезінде білесіздерме, өмірінде тігіп көрмеген адамдар тігіп кетті! Неге?! Себебі олар үйде болды, фокустарын негативтен ауыстырғысы келді, өздерін жаңа қырдан көргілері келді.

Ал былай күнде көбінде уақыт жоқ немесе басқада себептер бар.

Ал менің қателігім неде дегенде?! Мен сол тігіп көрмеген ханымдарға өздеріне эксперимент болатындай курс жасамаппын.

Яғни икемділігін айқындап беретін.

Сол курс арқылы әр ханым бойында неше пайыз икемі бар екенін біле алады. Ондай методика бар!

Мен оны онлайн курста қолданбағанмын🤦🏼‍♀️

Ал ол әр әйелге қандайда болсын қажет қой.

Яғни бұл курстан өткен соң, смело сізде айқын жауап болады:

1. Тігін сіздікі.
Офлайн курста жалғастырасыз

2. Тігін-бұл сіздікі емес, бәлкім сізде стилистикаға қабілетіңіз бар.

3. Сіз тек пішуге ғана бейімсіз.

Осы жолдар арқылы именно осы топқа әрмен қарай табыс табудың бізден тегін БЕВИНАРЫ болмақ!

Алған білімді қолдана отырып бірден ақша табуға қолданасыз!

Бұл бұрын соңды болмаған бағдарлама.

Бұйырса бұл сабақ бізде 27 старт болады.

Алғаш тіркелген 50 адамға балалар киімінің курсы сыйлыққа. Қазіргі таңда тек 19 орын қалды.

Бағасы 50% жеңілдікпен 2900 теңге!

09/10/2020

Перя жасайық!!!

Осы жібек лентасынан перья жасауды білмеппін. Мына лайфкахтан кейін жасап көргім келеді.

Ойын ойнайықшы!Мына суретке қандай ат қояр едіңіз?Ең қызықты идеяға каспиіне 2000 теңге! Ал кеттік⬇️⬇️⬇️
08/10/2020

Ойын ойнайықшы!

Мына суретке қандай ат қояр едіңіз?

Ең қызықты идеяға каспиіне 2000 теңге!

Ал кеттік⬇️⬇️⬇️

30/09/2020

Өткенде бір ханыммен сөйлесе отырғанда, ол кіс тортты асықпай пісіргенді ұнататынын айтты. 1 торт дәмді жұмсақ шығуы үшін кем дегенде 1-2 күн тұруы керек екен.

Мен оған шыдамым жетпейді екен😂
Мен оның орнына кесте тігіп тастар жабыстырғаным артық десем, ол ханым керсінше қол өнерге шыдамым жетпейді дейді😂

Қызық қолөнер екеуімізде де бар)
Бірақ құндылықтар бөлек☺️

Инстаграм және МЕНИнстаға келу мен үшін негізі өте ауыр болды.Мен жеке өмірімді көп көрсете беруді ұнатпайтын адаммын. Б...
28/09/2020

Инстаграм және МЕН

Инстаға келу мен үшін негізі өте ауыр болды.

Мен жеке өмірімді көп көрсете беруді ұнатпайтын адаммын. Бірақ әр сторис салған сайын шынымен мен сияқты қатарластарымның көөп екенін ұқтым. Олармен сөйлесіп жасап жатқан ісімнің бекер еместігін ұқтым.

Әр бір информация салған сайын кішкентайда болсын пайдамның тиетіндігі мені жігерлендірді.

Мен әрдайым өз-өзіммен жұмыс жасаудамын. Бұл процесске тек мен емес бірнеше адамдарда көмектерін тигізуде.

Сториске инстаға мен шығарда қобалжитынмын, ал тікелей эфирге шығатын күні эмтихан тапсырардай қобалжимын😂

Бірақ видеоларда аса байқалмайды. Себебі бар жоғы 5-10 секундтан соң қорқынышым жоғалып кетеді. Себебі менің сіздердің алдарыңызда шығу ниетім кішкентайда болсын пайдам тисе дегенім.

Тек осы ой ғана мені жетелейді.

Жәнеде мен сияқты қаншама ханымдарда осы мәселе мазалайды.

Ең бірінші сіз бұл істі не үшін және бұл жасап жатқан істің екі дүниеде пайдасы бар ма әлде жоқ па -деп өзіңізден сұрасаңыз, жауабыңыз салмақты болса онда тек АЛҒА!!!

Иа әрине қазір бұл саламен жұмыс жасамасаң кәсібіңе қиын екені онсызда түсінікті, бірақ егер сізді үлкен мақсат жетелесе ақшадан басқа, онда сіз ҰШАСЫЗ🚀🚀🚀

Сіздерде де сториске шығу қалай? ⬇️
Жаза кетсеңіздер🙏🏻❤️

P.S: негізі мен өмірде жақындарым біледі өте әзілкеш адаммын, жан жағымдағылардың көңілдері көтеріңкі болғанын қалаймын, ал оқушыларымның алдында бөлек адаммын😅 тоже самое стористе кішкене өзімді ұстаймын
Бірақ ешқашан қатал адам болған емеспін😊

23/09/2020

Тамаша идея фасондарды алдын ала визуалдау үшін!

Жейдені қатты жақсыскөретіндерге тамаша идея.

Бірақ жейдені де онша ұнатпайтын адамдарды да білемін😥

Ал сіз ше?

Address

Almaty

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when AyaKen posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share

Category