_sheksizmedka_

_sheksizmedka_ Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from _sheksizmedka_, Art, Almaty.

Су ішсеңде маңдай тер төгу керек,Жауыңды да соғысып жеңу керек,Ауырып барып, жазылады ауыру да,Уақытқа да уақытты бөлу к...
12/12/2025

Су ішсеңде маңдай тер төгу керек,
Жауыңды да соғысып жеңу керек,
Ауырып барып, жазылады ауыру да,
Уақытқа да уақытты бөлу керек.
Жақсылықтар келмейді оңайлықпен
Жұмаққа кіру үшінде өлу керек!

Той қашан деп сұрайсыңдар жарыса, Менде жүрмін сол ойменен алыса Үйленем деп ойлаушы едім елжірепЕт жүрегім тым жақында ...
05/08/2025

Той қашан деп сұрайсыңдар жарыса,
Менде жүрмін сол ойменен алыса
Үйленем деп ойлаушы едім елжіреп
Ет жүрегім тым жақында табылса!

Қыз барма деп сұрайсыңдар сұқтанып,
Бар екені бір періштем тіпті анық
Келесі жыл үйленемін, үй болам
Ата-ананың ақ тілегі құпталып.

Үйленем деп ойламаппын мен мүлде,
Бойдақ өмір жастығыма сендіңбе
Талай қызды шарпып жүріп беймезгіл
Үйленетін уақытқа да келдімбе?

Ұсындыңдар қыз-қырқымды талайды
Гита,Зита , Мөлдір, Мақпал, Арайды
Есімдерді емес бірақ жүрегім ,
Ес аударар махаббатты қалайды!

Тағы кім бар мүмкін Самал, Ақерке
Анель, Жанель, Гүлнұрыңба, Жанерке
Үйленуге бірақ қуып келгенде,
Маған емес ол қыздарға әлі ерте!

Үйленермін қатты алаңдап тоспаңдар,
Құдай берсе бағым болар қосқан жар
Мен біреудің қорғанымын дәл қазір,
Сондықтанда мені ешкіммен қоспаңдар.

Махаббатта бүгін биік заңғармын,
Ақ сезімде алып күшпін арланмын
Хакім Абай жете алмаған Тоғжанды,
Осы күні мен құрықтап алғанмын.

Абай сүйді Тоғжанды ойлады,
Тойын бірақ Әйгеріммен тойлады
Неткен тағдыр, бір жүректе қос сезім
Жарты әлемді егіз ағып бойлады!

Ақын жаны күйді сезім буына,
Қалай шыдап бақтың күйік уына,
Риза болам дана Абаймен таласпай
Тоғжанды сүйіп өтер ғұмырға!

Жүректегі бар өкпені жойыңдар,
Барлығыңа жақсы ниет ойым бар,
Бірің қалмай келесіңдер, жақындар
Келесі жыл дүркіреген тойым бар!

Бойымда жүр талай мұңның елесі,
Менде бары махаббаттың кемесі,
Сұрамаңдар қинамаңдар қашан деп
Үйленемін жылдың соңы келесі!

💡

Мен ғашық болдым….Мезгілсіз келетұғын мейірімге,Құдай берді сұрадым пейіліме.Бұл махаббат келгелі жүрегіме,Кеудемдегі қо...
04/07/2025

Мен ғашық болдым….

Мезгілсіз келетұғын мейірімге,
Құдай берді сұрадым пейіліме.
Бұл махаббат келгелі жүрегіме,
Кеудемдегі қорқыныш сейілуде.

Мен ғашық болдым….

Себепсіз, санасуға сағынуға
Уақытым жоқ қиналып қамығуға
Бақытым боп келгелі бұл махаббат
Айналғандай жақұтым жарығыма

Мен ғашық болдым….

Күн көзіндей тым әсем қылықтыға
Аша білген жүректі құлыптыда
Көп сынады сезімді берді әйтеуір
Жас жүрегім соншалық құнықтыма?

Мен ғашық болдым

Жетпей жүрген бір тылсым жылулыққа,
Сән көркіндей сипаты, сұлулыққа
Көп қараушы ем , өзгеге, ал қазірде
Қарау мүмкін болмай тұр бұрылыпта!

Мен ғашық болдым..

Риясыз тыныштыққа,
Бұл сезімнің құшағы тым ыстықпа,
Шындап келген махаббат солай екен,
Үлгермейсің қуанып, ұрысыпта!

Мен ғашық болдым…

Бұл өмірдің сұрапыл сезіміне,
Мүмкін дайын болдық-ау кезігуге,
Еркелеп жүр, еркеле, шын сүюге…
Жетер менің күш-қайрат төзімімде!

💡

Photo: 😘

Адам арманына жетпеседе сол жолда жүрудің өзі ғанибет. Бақытты кісі ойындағы бар арманына жеткен жан емес сол жолда таба...
15/06/2025

Адам арманына жетпеседе сол жолда жүрудің өзі ғанибет. Бақытты кісі ойындағы бар арманына жеткен жан емес сол жолда табанды күресе білген адам. Өйткені кемелдікке ұмтылған жандар нәтижеден бұрын әрекеттің өзінен бақыт тауып ләззат алады. Адам арман жолында кемелденеді!

Кейде бір осылай жазғым кеп кететіні бар енді😁😄 жалпы айтып жатқанымгой керегі көңілге қонып қалар😎

Кешегі тойдан ең жылы сурет болыпты пикмилау болып тұр иа😅🤭😂😂

💡

Сөйлей беретін адам көп ,сөйлей білетін адам көп дейді!Төменгі сана- адамдарды талқылайдыОрташа сана -  оқиғалардыЖоғарғ...
14/06/2025

Сөйлей беретін адам көп ,сөйлей білетін адам көп дейді!

Төменгі сана- адамдарды талқылайды
Орташа сана - оқиғаларды
Жоғарғы сана- құндылықтарды

Өзгеден өзгешелену ол киім дүние арқылы емес кейде тек өзгеше ойлану жеткілікті!

💡

Бұл күнде мен сәт жетіп күлімдедім,Төр басына шығып жүріп дүбірлердің,Сынақтар мен сұрақтар қатар келіп….Өтіп жатқан сек...
25/05/2025

Бұл күнде мен сәт жетіп күлімдедім,

Төр басына шығып жүріп дүбірлердің,

Сынақтар мен сұрақтар қатар келіп….

Өтіп жатқан секілді күнім менің.

Сын айтыңдар сыртымнан жыр айтыңдар,

Жауап ащы тым өткір тілім менің

Мен біреуге мақтанып даттанбаймын,

Қалай болса солайда күбірлегін…..

Бір сырымды ашқанмен бір мұңымды

Таусылмайды көрсетер қырым менің!!!!

💡

Өмір өтіп бара жатыр ақылдым,Өзіңді ойлап тағы бір таң атырдым.Қаншалықты қашық жүрсем мен сенен,Соншалықты жүрегіңе жақ...
06/04/2025

Өмір өтіп бара жатыр ақылдым,
Өзіңді ойлап тағы бір таң атырдым.
Қаншалықты қашық жүрсем мен сенен,
Соншалықты жүрегіңе жақынмын.

Тағдыр бізді сынамай ма, сынай ма,
Аспан сені аяғасын жылайма?
Сен бар кезде мен көңілді жүремін,
Мен бар кез де сенде жаным мұңайма.

Кездескенде біздер бақыт табамыз,
Қоштасқанда неге жылап қаламыз?
Ай мен күндей кету үшін қосылмай,
Жер мен көктей болу керек арамыз!
Сенен басқа жан білмейтін сырым бұл,
Ағыл-тегіл жаңбыр жауды бүгін бір.
Аспан жерді сағынғаннан жылайды,
Ал сен мені сағынғанда күліп жүр!

Өмір деген нәрсе қозғалыстан тұрады. “Махаббат деген зат емес,  Етістік”. Егер жігіт махаббат майданын ашқан болса, онда...
31/03/2025

Өмір деген нәрсе қозғалыстан тұрады. “Махаббат деген зат емес, Етістік”.

Егер жігіт махаббат майданын ашқан болса, онда бір күні сізге келеді. Сөйлеседі, ымдайды әйтеуір сізге бір жауабын береді. Сол сәтте сіз ақымақ болып көрмей, білмей естімей қалмасаңыз болғаны.

Sheksizmedka & Takenskiiii

23/03/2025
Шын бақытқа жеткізетін жол біреуАдамзаттың бәрін сүйіп елжіреуДәрістер бар үйренбеген біз әліАлғашқысы-ренжітпеуЕң соңғы...
07/01/2025

Шын бақытқа жеткізетін жол біреу
Адамзаттың бәрін сүйіп елжіреу
Дәрістер бар үйренбеген біз әлі
Алғашқысы-ренжітпеу
Ең соңғысы ренжімеу!

💡

Білмей жатып кей сәттің соңын анықҚамшы басам жанымды қолыма алыпКең көсіліп бір шапқым келседағыКөңіл семіз болғанмен ж...
06/01/2025

Білмей жатып кей сәттің соңын анық
Қамшы басам жанымды қолыма алып
Кең көсіліп бір шапқым келседағы
Көңіл семіз болғанмен жолым арық
Жылағанмен ет жүрек езіліп тұр
Өлмегенге жолығар өлі балық
Сынақ үшін берілген бұл жалғанға
Сынау үшін келдіңбе дабырағып
Намысыма тигенмен кей мәстектер
Қарғысымның қалмасын назын алып
Санасатын құдай бар қақ төбеде
Жүрген жоқпын тағдырды жазып алып
Тілден ұшқан ұшқынмен таласпаңдар
Сөз құдықтан сөйлеймін қазып алып
Мен тақылдап отырам алтын тақта
Сен жүргенде жыбырлап жазу жазып
Шабытымды ал қане сынаңдаршы
Қанатымды ұшайын жазып алып
Ғұмырыңда бір мәрте сөйлеп қалшы
Қоржынымнан асыл сөз қарыз алып
Өзгелердің өрескел ойсыздығын
Неге сен-ақ жырлайсың базынағып
Мың ессіздің ойлайтын бір қиялын
Жүрсіңбе әлде қисынсыз қазынағып
Ине мен жіп бармақсыз ілікпейді
Бес саусаққа тұрғанмен арызданып
Тіршілікте тас пен бұлт бірікпейді
Жер мен көкке кетсеңде арыз жазып!

#2025тегі алғашқы фото 😎
🍎 💡

Жолын ашқан жыршымын тынысымныңБасшысымын бес саусақ уысымның,Көкейімде бұлбұлдай сайрап тұрған Қара өлеңнің киелі інісі...
13/11/2024

Жолын ашқан жыршымын тынысымның
Басшысымын бес саусақ уысымның,
Көкейімде бұлбұлдай сайрап тұрған
Қара өлеңнің киелі інісімін

Отбасымның үлкені ұланымын
Әлсізімін шырқырар қу жанымның
Махаббатым деп мені шын сүйердей
Құдай қосқан жарымның қыранымын

Адалдықтың ақ маңдай бұлбұлымын
Талантымның қамшылар дүлділімін
Қара сөздің қасиетін ұға білген
Арда өнердің тұрақты тұрғынымын

Аталардың ізімін шынарымын,
Төске таққан тұғырлы тұмарымын,
Жас пен кәрі жалғаған бұл жалғанда,
АДАМ - дейтін алыптың сыңарымын!

Қалтылдақ деп қарттықты сөкпе, барар жерің сол
Жылтылдақ деп жастықты сөкпе, шыққан жерің сол!

Өзім үшін ыстық фото нағыз сүйегі асыл даланың аңыздары бұлар, аман болсын дала профессорлары!

💡

Address

Almaty

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when _sheksizmedka_ posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share

Category