Kausarbilim

Kausarbilim Біз балалар мен жасөспірімдердің өз уақытын тиімді пайдаланып, жеке қабілетінің дамуына ықпал етеміз

🏫Бүгінгі таңда мұғалімдерге тек қана сабақ беріп, лекция оқумен шектелуі шәкіртті қанағаттандыра алмайды. Мұғалім өзінің...
27/01/2024

🏫Бүгінгі таңда мұғалімдерге тек қана сабақ беріп, лекция оқумен шектелуі шәкіртті қанағаттандыра алмайды. Мұғалім өзінің ұйымдастырушылық қабілетімен қоса сол ортада көшбасшы бола білу керек. Көштің басын бастау әрине қиын, дегенмен бұл жаңа дамыған дәуірдің талабы.
Осыған орай мектепте ДӘІЖО Г.А.Абдраймованың ұйымдастыруымен «Мұғалімдердің көшбасшылық құзіреттіліктерін дамытудағы кәсіби шеберлік» тақырыбында әдістемелік күн өтті.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Г.Е.Құрманбаева мен Х.Б.Кошимбаева көшбасшы мұғалім келбетін сомдаса, химия пәні мұғалімі А.Т.Екейбаева мұғалім көшбасшылығын дамыту жолдарына тоқталды.
Ал бастауыш сынып мұғалімдері Г.А.Ауганбаева, Б.М.Айбекова, Н.Ахман оқушы көшбасшылығын дамытуда мұғалімнің шеберлігін ортаға салды.

Әріптестерімізге шығармашылық шабыт тілейміз!

🔷📚Әмбебап мұғалім. ХХІ ғасырдың кез-келген адамға қояр талабы осы. Дегенмен әрбір адамға қалам ұстатып, әріп үйретуші мұ...
27/01/2024

🔷📚Әмбебап мұғалім. ХХІ ғасырдың кез-келген адамға қояр талабы осы. Дегенмен әрбір адамға қалам ұстатып, әріп үйретуші мұғалімнің әмбебап болуы әлдеқайда маңызды. Мұғалімнің әмбебаптығы жан-жақты білімді, білікті, тартысқа түссе топ жарып шығып, додаға түссе бәйгені бермес, шәкіртке түрлі әдістемелік құралдар арқылы жағдай жасаса онда ол бір ғана мұғалімнің емес, бір мектептің, бір елдің абыройы болар еді. Өйткені талабы күшті қоғамның ағысы қатты. Ал сол ағысқа қарсы шәкіртті дайындау тағы да мұғалімнің еңбегі. Осындай топ жарып жүрген А.Е.Тусупжанова, Г.Т.Койбагарова, З.Төлеухан, Л.Боранбай сынды әріптестеріміз ауданымызда өткен «Ауыл мектебі: Ізденіс. Шығармашылық. Нәтиже» тақырыбындағы облыстық әдістемелік күнде сабақ өткізіп, озық іс-тәжірибелерімен бөліссе, директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Г.А.Абдраймова жоба жұмысын көпшілік назарына ұсынды.
🔹Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан әріптестеріміз облыстық әдістемелік орталығының Алғыс хатымен марапатталды.

Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

📚Аудандық бастауыш сынып оқушылары арасында қазақтың біртуар ақыны Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығын насихаттау мақсатын...
26/01/2024

📚Аудандық бастауыш сынып оқушылары арасында қазақтың біртуар ақыны Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығын насихаттау мақсатында өткізілген «Қазақтың дана Қадыры!» байқауының «Сөздің бәрі құдіретті...» номинациясы бойынша 3-сынып оқушысы Жүсіп Санжар жүлделі 3️⃣ орынды иеленді.

Жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі Ауғанбаева Г.А.

Білім алушымызды құттықтаймыз!

📚"Баспалдағы білімнің бастауыштан басталады"атты Бастауыш бірлестігінің онкүндігінде 3"Ә"сынып оқушылары  арасында "Білі...
25/01/2024

📚"Баспалдағы білімнің бастауыштан басталады"атты Бастауыш бірлестігінің онкүндігінде 3"Ә"сынып оқушылары арасында "Білім бәйгесі"болып өтті.Сайыстың өту мақсаты:Оқушылардың білімге деген құштарлығын,ізденісін,оқуға қызығушылығын арттыру,логикалық ойлау қабілетін дамыту, ортада өзін ұстауға,ұқыптылыққа үйрету.
Оқушыларды еркін сөйлеуге, өз білімін көрсетуге, шығармашылық пен еңбектенуге дағдыландыру.
🔹Ұлттық құндылықтарымызды бойларына дарыту.
Сынып жетекшісі: Сулейменова Қыздығой Анаркуловна

🏫Мектеп психологы Разаева Асел Ахметкалиевна жоғары біліктілігі мен кәсіби шеберлігін еліміздің болашағы жас ұрпақты оқы...
25/01/2024

🏫Мектеп психологы Разаева Асел Ахметкалиевна жоғары біліктілігі мен кәсіби шеберлігін еліміздің болашағы жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге арнаған табысты еңбегі үшін “Алматы облысының білім басқармасы” ММ облыстық әдістемелік орталығының Алғыс хатымен марапатталды.

Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз.

Құжаттарды қабылдау және балаларды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау https://adilet.zan.kz/rus/docs/V20000...
25/01/2024

Құжаттарды қабылдау және балаларды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000020883 ; Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017553 ; Денсаулығына байланысты бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарына ұзақ уақыт бара алмайтын балаларға үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыруға құжаттарды қабылдау https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017553 ; Балаларға қосымша білім беру үшін құжаттарды қабылдау және қосымша білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017553 ; Шалғай ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды оқу орындарына және үйлеріне тегін тасымалдаумен қамтамасыз ету https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000020478 ; Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар мен оқушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдетілген бағамен тамақтандыру https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000020478 ; Мемлекеттік білім беру ұйымдарының студенттері мен тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттары үшін балалардың ауылдық және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуын қамтамасыз ету үшін құжаттарды қабылдау және жолдамалар беру https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000020478 ; Негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат түрінде оқуға рұқсат беру https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100025038 ; Жалпы білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыруға құжаттарды қабылдау https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017553
Негізгі орта және жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017553 ; Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларын іске асыратын, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін білім беру ұйымдарында педагог қызметкерлерге және оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттау үшін құжаттарды қабылдау https: //adilet.zan.kz/rus/docs/V1600013317 ;

Прием документов и зачисление детей в дошкольные организации образования https://adilet.zan.kz/ru

📢🔆Республикалық “ДосболLike: достық қолын ұсын”  акциясын қолдай отырып,көңіл-күй бағыты бойынша оқушыларға көңіл- күй с...
24/01/2024

📢🔆Республикалық “ДосболLike: достық қолын ұсын” акциясын қолдай отырып,көңіл-күй бағыты бойынша оқушыларға көңіл- күй сыйлау,ұлттық құндылықтарды насихаттау,достық қарым- қатынасты нығайту.

📚 Құрметті №20 орта мектебінің оқушылары, біздің мектептің тағы да бір жаңалығы бар!🔸Жас полиция клубы — мектебіміздің т...
19/01/2024

📚 Құрметті №20 орта мектебінің оқушылары, біздің мектептің тағы да бір жаңалығы бар!

🔸Жас полиция клубы — мектебіміздің тәртібіне, қауіпсіздігіне, салауатты өмір салтын ұстануына жауап береді.
Мақсаттары:
1.Қауіпсіз орта орнату🛑
2.Эко-әлем жаңғырту♻️
3.Еңбекке баулу🔗
4.Салауатты өмір салтын ұстану🍽️
5.Тәртіп пен тәрбие орнату💡
6.Рухани құндылықты дәріптеу📉
7.Жеті жарғы заңдарын үйрету👨‍⚖️👩‍⚖️

❗Жас полиция клубына 8-10 сыныптар арасынан іріктеу жүріп жатыр.
♦️Егер сіз біздің клубтың мүшесі болғыңыз келсе және сұрақтарыңыз болса төменде көрсетілген нөмірмен
байланысыңыз:
+77016246611
- Исматулла Асель

“Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,өйткені мұғалім – мектептің жүрегі”- деп Ыбырай Алтынсарин бекер айтпаса керек.  ...
18/01/2024

“Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,өйткені мұғалім – мектептің жүрегі”- деп Ыбырай Алтынсарин бекер айтпаса керек.
👩🏻‍🏫Мұғалім - елдің болашағын көркейтіп, рухын биікке көтеретін, жас ұрпақты тәрбиелейтін жауапкершілігі мол киелі мамандық. Осындай үлкен жауапкершілікті арқалап жүрген әріптестеріміздің бірқатары аудандық «Үздік сабақ» байқауына қатысып жүлделі оындарға ие болды. Атап айтсақ, Төлеухан Зияш, Тусупжанова Арай, Койбагарова Галия, Боранбай Ләззат 1-орын иеленсе, Кадырова Расима, Жумабекова Кульшара 3-орын иеленіп мектеп мерейін өсірді. Әріптестеріміз алдағы уақытта өтетін облыстық әдістемелік күнде өз іс-тәжірибелерімен бөліспек.

Мемлеттік қызмет көрсету бойынша 2023-2024 оқу жылының екінші жарты жылдығында көрсетілген қызметтер:1. Негізгі  орта жә...
18/01/2024

Мемлеттік қызмет көрсету бойынша 2023-2024 оқу жылының екінші жарты жылдығында көрсетілген қызметтер:
1. Негізгі орта және жалпы орта білім туралы құжаттардың төлнұсқаларын беру бойынша 1 дана (бір дана) негізігі білімі туралы телнұсқасы (дубликат) берілді.
2. Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну бойынша №20 орта мектепте білім алушыларды тегін ыстық тамақты қамтуды сапалы ұйымдастыру мақсатында жұмыс жоспары құрылды.
2023 – 2024 оқу жылының екінші жарты жылдығына тегін ыстық тамақпен қамтуға өтініш қабылданып, жанұяларға зерттеу жүргізіліп, өтініш білдірген ата – аналардың құжаттары қаралып, ыстық тамақпен қамтылатын оқушылар тізімге алынды, өтініштері қанағаттандырылып мемлекеттік қызмет көрсетілді.
5-11 сыныптар арасында 125 оқушы, жалпы мемлекет тарапынан қарастырылған қаржы есебінен 1-4 сыныптар бойынша 732 оқушы ыстық тамақпен қамтылды.
Ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың жалпы саны: 857 оқушы.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығы негізінде АБББ-нің 2022 жылғы 27 тамыздағы №552 бұйрығына сай бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары басшылыққа алынып, ұйымдастырылды.

3. Үйден оқытылатын балаларға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 3- оқушының ата-анасынан уақытша денсаулығына байланысты өтініш қабылданып, құжаттары жинақталып, үйден оқыту ұйымдастырылды.
4. Мектепке 12 км қашықтықтан қатынайтын оқушылардың ата-аналарынан өтініштер қабылданып, мемлекеттік қызмет көрсетілді «Местоподсолнцем» саяжайына барлығы 148 оқушы тасымалданып оқытылады.

🏫Мектебіміздің  10 жылдығына орай «10 жылдыққа 10 іс-шара» тақырыбымен әр бірлестікте,  мектептің жас мамандары арасында...
17/01/2024

🏫Мектебіміздің 10 жылдығына орай «10 жылдыққа 10 іс-шара» тақырыбымен әр бірлестікте, мектептің жас мамандары арасында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Әр аптада бізбен бірге болыңыздар!

Address

Жапек батыр
Almaty

Opening Hours

Monday 09:00 - 17:00
Tuesday 09:00 - 17:00
Wednesday 09:00 - 17:00
Thursday 09:00 - 17:00
Friday 09:00 - 17:00

Telephone

+77072345813

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Kausarbilim posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Establishment

Send a message to Kausarbilim:

Share

Category