20/11/2025
🌱🌱🌱 Жұрттың бәрі заман жаман дейді, шында заман жаман емес, санасы шіріген Адам қауыпті.
Ардың орнына айла ойлаған, шындықтың орнына өсек жәйлаған, адалдықтың, адамдықтың орнына ақша мен атақ үстемдік құрған, Адамды адамгершілігі мен адамдығымен, адалдығымен, білімімен бағалағанның орнына дүниесімен, ақшасымен, жалған атағымен бағалайтын мына қоғамда " жын ойнақ " далада емес, адамның ішінде болып жатыр.
Күліп тұрып сатып кететін, жақсы көріп тұрып аяқтан шалатындар көбейіп кетті.
Бырақ соның бәріне "заман кінәлі" деу өзімізді ақтаудың ең әлсіз жолы.
Жоқ, заманды Адам жасайды, сондықтан заманның тозуы _ Адамның тозуынан бастау алады.
Ал егер Адам түзелсе _ заманда түзеледі, сенім де оралады, рух та тіріледі, мен оған сенем.
Тағы да сенем _ арлы Адам аз болса да, мүлде жоғалған жоқ.
Заманның беті _ сенің бетің, оны өзгерткің келсе _ ішіңе ұңіл! ✍️👌❤