Общественный фонд "Бала жолы"

Общественный фонд "Бала жолы" "Бала жолы" қоғамдық қоры Маңғыстау облысында 2018 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

31/01/2025

«Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік тапсырысы аясында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен «Бала жолы» қоғамдық қорымен (редакциясы Аманбек Ахметов және өзім) «Маңғыстау облысының жыршылары» атты жинақ әзірленіп, шықты. Кітапты жинақтаған жыршы, зерттеуші Қармыс Разбаев пен «Сөз бен саз» орталығының директоры Бердихан Алмен . Алғысөзін өлкенің өнер жанашыры Тамара Жумалиева жазып берді.
«Маңғыстау облысының жыршылары» атты бұл жинақтың мақсаты – жартыаралдағы жыршылық мектептің желісі үзілмей жалғасып келе жатқанының айғағы – жас жыршылар легін таныстыру. Жинақты шығару арқылы атадан балаға мирас болған дәстүрлі өнердің жаңғырып, жасарып келе жатқанын өнер сүйер қауымға қуана жария ету.
Маңғыстау – халқымыздың салт-дәстүрінен бастау алатын құндылықтарымызды, өлең мен жырды, ән мен күйді саф күйінде сақтап, ардақтап келген өлке. Сыпыра жыраудан басталып, Мұрын жыраумен жалғасқан, «Адайдың бес жүйрігі» мен «Жеті қайқысы» сынды дүлдүлдер өнерінің осы заманға жетіп, күні бүгінге дейін үзілмей келуі - ата салт пен дәстүрге адалдық, қала берді, құнарлы топырақтың киесі мен қасиеті.
Қазақстанның батыс аймағы – көне дәуірден бері тіршілік толастамаған аймақ. Теңіз жағасы, өзен бойлары еш уақытта елсіз болмағандықтан бұл өлкеге көшпелі тайпалардың көбі ат ізін салған. Маңғыстау түбегі, Үстірт арқылы өтетін сауда, керуен жолдары арқылы алыс-жақын елдердің ауыз әдебиетінің небір үлгілері мен аңыз-әңгімелері, жыр-дастандары осы өңірде көбірек сақталған.
Біздің дәуірімізге жеткен халқымыздың дәстүрлі жыраулары мен жыршыларының шығармашылығының негізгі тақырыбы – әр дәуірде де халықтың көкейтесті арманы – тәуелсіздік үшін күрес, ел мен жерді басқыншылардан қорғау, елдікті сақтау болды. Жырау мен ақын осы жолда жан аямай күрескен батырлардың ерлігін, ел бастаған абыздардың даналығын жырлай отырып, халықты ерлік пен елдікке үндеп, елдің еңсесін көтеретін, рухтандыратын жырлар толғады.
Әр кезеңде де өзінің өміршеңдігін жоғалтпай, көптің көңілінен шыққан осынау тарихи жырлардың бүгінгі жас ұрпақтың да талғам таразысынан ойып орын алуы, осы жырларды жаттап, халық назарына ұсынуы – сөз жоқ, ұрпақ сабақтастығының жарқын көрінісі. Бұл жолда тер төккен аға ұрпақтың еңбегі ұшан-теңіз.
@актуальное

25/12/2024

Жастармен кездесу өтті.
Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік граныт аясында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен қаламыздың 200-ден астам жастары мен жасөспірімдермен кездесу өтті.
Психотроптық заттарды тұтыну мен темекі шегу, жасөспірімдер арасында топтық төбелес, оқушылардың бір-біріне әлімжеттігі, жастар арасындағы суицид мәселесі де бүгінде өзекті. Соңғы уақытта лексиконымызға кибербулиинг, лудомания сөздері де қосылды. Яғни, әлеуметтік желінің арғы жағында отырып, өзге де интернет арқылы психологиялық күш көрсету. Осы мақсатта қала мектептерінің бірінде оқушылармен кездесу өтті.
Әлемде жыл сайын 300 миллионға жуық қатарластарынан қағажу көреді. Әлі жеткендері әлсізге әлімжеттік жасайды. Күштілер оларға күн көрсетпейді. Яғни, тілімізге енген жаңа сөздермен айтқанда буллинг жасайды. Оқушылармен басқосуда жалпы ішімдік, есірткінің, темекінің адам денсаулығына зиянды тұстары айтылып, арнайы әзірленген бейнетаныстырылымдар көрсетілді.
Айсұлу Иманмади, 12-сынып оқушысы:
«Жақсы өмірге деген, жақсы болашаққа деген ұмтылысты тудыру үшін, қатарластарыма мотивация беру үшін өзімнің түрлі сайыстарда жеткен жетісіктеріммен, қазіргі таңда бос уақытты қалай пайдалануға болады деген тақырыпта ойыммен бөлістім. Мұндай өзекті мәселелерді қозғайтын, өткір ойларды ортаға салатын шаралар ұйымдастырылып тұрғаны қуантады».
Жасыратыны жоқ, соңғы жылдары жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық етек алып барады. Олардың бойынан мейірім мен адамгершілік сезімін қалыптастыру басты міндетміз дейді ұйымдастырушылар.
Таңат Жолдыбаев, «Бала жолы» ҚҚ директоры:
«Осы кездесудің негізгі мақсаты – жастардың көзімен болашақты құру, ұлттық мүдде, ұлттық құндылық, білім, сауаттылық пен салауаттылық, жағымсыз әдеттермен күрес, жетістікке жету жолында қандай әрекет жасауға болатыны жөнінде өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды. Бұл алаңда өз пікірлерімен бөлісу үшін спикерлер ретінде түрлі додада топ жарып, пәндік олиимпиада, әр деңгейдегі пікірсайыстарда жеңімпаз болған және жастар мен жасөспірімдерді спортқа баулып жүрген бапкер, Азия чемпионын да шақырдық».
Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ана тілге құрмет, патриоттық сезімді ояту бағытындағы ойын Ақшұқыр мектеп-лицейінің оқушысы ортаға салды.
Есбол Қанатұлы, 11 сынып оқушысы:
«Көбі ұлттық мүддені тек тілмен шектеледі деп ойлайды. Бірақ тілдің нағыз керек жері немесе маңызы қандай? Егер тілің болмаса, тіліңді құрметтемесең, шегараңды ашып жібер, сен ел бола алмайсың деген бар. Сондықтан, біз, ең алдымен тілді құрметтеуді басты назарда ұстауымыз керек. Қазірде жастардың арасында «жаргон» сөздер көп таралып жатыр. Ал тілге деген құрмет болмаған жерде ұлтжандылық, патриотизм болмайды деп ойлаймын. Шарада осы бастаманы жастарға қарата көтердім».
Жиын соңында жиналғандар тәрбие тақырыбындағы ойларын білдіріп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығы/Центр общественных коммуникаций Мангистауской области:«Отбасы институ...
12/12/2024

Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығы/Центр общественных коммуникаций Мангистауской области:

«Отбасы институтын нығайту» бағыты бойынша мемлекеттік грант аясындағы жұмыстар аяқталды

Ақтауда, 2024 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағытының бірі аяқталды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте «Бала жолы» қоғамдық қорының директоры Таңат Жолдыбаев хабарлады.

Атап өтейік, мемлекеттік гранттың тапсырыс берушісі Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі. Бірінші шара «Асқар тауың - әкең қымбат» атты облыстық әкелер форумы осы жылдың 12 маусымында өтті.

Спикердің айтуынша, форумның мақсаты – өңірімізде әкелер институтын дамыту, отбасылық құндылықтар мен өскелең ұрпақты тәрбиелеу саласында жаңа тәсілдерді насихаттау және қалыптастыру.

- Әкенің отбасындағы, қоғамдағы рөлі қандай деген сұрақтарға жауап іздеп, тақырыпты ашу үшін форумға арнайы төрт спикер шақырылған болатын. Олар Мұхит Амантаев, Бақтылы Себепбай, Аят Сүгірбай, Арғын Бисенов. Сарапшылар ұлттық құндылық, патриотизм, бұқаралық спорт, өмірлік маңызды дағдылар, отбасылық білім және демалыс секілді тақырыптарға жан-жақты тоқталып, өз өміріндегі әкенің орнын, тәрбиесін айтып, тәжірибе, кеңесімен бөлісті. Одан бөлек, «Мен әйелмін - әлемнің анасымын» атты екі күндік тегін тренинг өтті. Аталған шара 17-18 шілде күндері өткен болатын. Тренингке энерготерапевт Шынар Әубәкірова, психотерапевт Саламат Момынова және 300-ден аса келіншектер, аналар қатысты. Шарада спикерлер қатысушылармен бірге өзіндік бағасын анықтауға арналған диагностикалық жұмыс, өкпе-реніштен арылу бойынша психокатализ техникасы мен медитативті жаттығулар жасады. Тренингтің мақсаты - аналардың отбасындағы рөлін нығайту, оларды өзін-өзі дамытуға және кәсіп ашуға бағыттау. Спикерлер қатысушыларға энергия және денсаулыққа, қаржылық жағдайға әсері жайлы айтып, энерготерапия туралы ақпарат берді,- деді Таңат Жолдыбаев.

Сондай ақ, қала әйелдерін өз ісін ашуға ынталандыруға бағытталған оффлайн шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Шеберлік сабақтарын білікті мамандар бір ай бойы өз орталықтарында өткізді. Қатысушылар Ақтау қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасын қолдау орталығында тіркелген осал топтағы әйелдер. Қатысушылардың барлығы бір ай бойы шеберліктерін шыңдап, өздерінің қалауына қарай мамандықтарға үйреніп шықты. Ұйымдастырушылар тарапынан тыңдаушыларға сертификат табысталып, гүл шоқтары берілді.

Одан басқа, Ақтау қаласының жасөспірімдері мен жастары арасындағы әлеуметтік жағымсыз құбылыстардың (нашақорлық пен ойынқұмарлық, ерте жүктілік, суицид) алдын алуға бағытталған 2 іс-шара ұйымдастырылды. Психотроптық заттарды тұтыну мен темекі шегу, жасөспірімдер арасында топтық төбелес, оқушылардың бір-біріне әлімжеттігі, жастар арасындағы суицид мәселесі де бүгінде өзекті. Соңғы уақытта лексиконымызға кибербулиинг, лудомания сөздері де қосылды. Яғни, әлеуметтік желінің арғы жағында отырып, өзге де интернет арқылы психологиялық күш көрсету. Осы мақсатта қала мектептерінің бірінде оқушылармен кездесу өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың көзімен болашақты құру, ұлттық мүдде, ұлттық құндылық, білім, сауаттылық пен салауаттылық, жағымсыз әдеттермен күрес, жетістікке жету жолында қандай әрекет жасауға болатыны жөнінде өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды. Бұл алаңда өз пікірлерімен бөлісу үшін спикерлер ретінде түрлі додада топ жарып, пәндік олиимпиада, әр деңгейдегі пікірсайыстарда жеңімпаз болған және жастар мен жасөспірімдерді спортқа баулып жүрген бапкер, Азия чемпионын да шақырдық.

Сонымен қатар, Ақтауда 50 әйелге құқықтық сауаттылық, қаражатты тиімді жұмсау бағытында тренинг-семинар өтті. Шараға қатысқан көпбалалы аналар өз басын қорғау, тұтынушы құқығы, отбасылық қаржыны реттеу, ақшаны орнымен пайдалану бойынша сауат ашты. Жиында қатысушылар тұлға ретінде заңды пайдалана білу, отбасылық бюджетті басқарудың маңызды принциптерін талқылап, шығындарды жоспарлау мен үнемдеуді үйренді. Сарапшылар пайдалы кеңестермен бөлісіп, тәжірибе алмасты. Бүгінде өз құқығын білместіктен түрлі салдарға тап болып, несие алып, берешекке белшесінен батқандар көп. Бұған себеп құқықтық, қаржылық, менталды сауаттылықтың төмен болуынан дейді ұйымдастырушылар.

Семинарда заңның ұтымды тұстары мен ақша туралы лайфхактар да айтылды. Жиналғандар дәрістен алған білімдерін алдағы уақытта тәжірибе жүзінде пайланатындарын жеткізді

Айта кетсек, жоба бойынша тікелей қатысушылар саны 1200 болса, нақты деңгейі 1235 адам болды. Ал БАҚ-та жарықтандыру есебінен жанама бенефициарлардың саны – 4000 адам болды.

27/11/2024

ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ МАҢЫЗДЫ
Ақтауда 50 әйелге құқықтық сауаттылық, қаражатты тиімді жұмсау бағытында тренинг-семинар өтті. Шараға қатысқан көпбалалы аналар өз басын қорғау, тұтынушы құқығы, отбасылық қаржыны реттеу, ақшаны орнымен пайдалану бойынша сауат ашты. Жиында қатысушылар тұлға ретінде заңды пайдалана білу, отбасылық бюджетті басқарудың маңызды принциптерін талқылап, шығындарды жоспарлау мен үнемдеуді үйренді. Сарапшылар пайдалы кеңестермен бөлісіп, тәжірибе алмасты. Бүгінде өз құқығын білместіктен түрлі салдарға тап болып, несие алып, берешекке белшесінен батқандар көп. Бұған себеп құқықтық, қаржылық, менталды сауаттылықтың төмен болуынан дейді ұйымдастырушылар. Семинарда заңның ұтымды тұстары мен ақша туралы лайфхактар да айтылды. Жиналғандар дәрістен алған білімдерін алдағы уақытта тәжірибе жүзінде пайланатындарын жеткізді. Аталған жоба Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік гранты аясында, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен, «Бала жолы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтті.

27/11/2024
Жастармен кездесу өтті.Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік граныт аясында Азаматтық бас...
27/11/2024

Жастармен кездесу өтті.
Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік граныт аясында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен қаламыздың 200-ден астам жастары мен жасөспірімдермен кездесу өтті.
Психотроптық заттарды тұтыну мен темекі шегу, жасөспірімдер арасында топтық төбелес, оқушылардың бір-біріне әлімжеттігі, жастар арасындағы суицид мәселесі де бүгінде өзекті. Соңғы уақытта лексиконымызға кибербулиинг, лудомания сөздері де қосылды. Яғни, әлеуметтік желінің арғы жағында отырып, өзге де интернет арқылы психологиялық күш көрсету. Осы мақсатта қала мектептерінің бірінде оқушылармен кездесу өтті.
Әлемде жыл сайын 300 миллионға жуық қатарластарынан қағажу көреді. Әлі жеткендері әлсізге әлімжеттік жасайды. Күштілер оларға күн көрсетпейді. Яғни, тілімізге енген жаңа сөздермен айтқанда буллинг жасайды. Оқушылармен басқосуда жалпы ішімдік, есірткінің, темекінің адам денсаулығына зиянды тұстары айтылып, арнайы әзірленген бейнетаныстырылымдар көрсетілді.
Айсұлу Иманмади, 12-сынып оқушысы:
«Жақсы өмірге деген, жақсы болашаққа деген ұмтылысты тудыру үшін, қатарластарыма мотивация беру үшін өзімнің түрлі сайыстарда жеткен жетісіктеріммен, қазіргі таңда бос уақытты қалай пайдалануға болады деген тақырыпта ойыммен бөлістім. Мұндай өзекті мәселелерді қозғайтын, өткір ойларды ортаға салатын шаралар ұйымдастырылып тұрғаны қуантады».
Жасыратыны жоқ, соңғы жылдары жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық етек алып барады. Олардың бойынан мейірім мен адамгершілік сезімін қалыптастыру басты міндетміз дейді ұйымдастырушылар.
Таңат Жолдыбаев, «Бала жолы» ҚҚ директоры:
«Осы кездесудің негізгі мақсаты – жастардың көзімен болашақты құру, ұлттық мүдде, ұлттық құндылық, білім, сауаттылық пен салауаттылық, жағымсыз әдеттермен күрес, жетістікке жету жолында қандай әрекет жасауға болатыны жөнінде өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды. Бұл алаңда өз пікірлерімен бөлісу үшін спикерлер ретінде түрлі додада топ жарып, пәндік олиимпиада, әр деңгейдегі пікірсайыстарда жеңімпаз болған және жастар мен жасөспірімдерді спортқа баулып жүрген бапкер, Азия чемпионын да шақырдық».
Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ана тілге құрмет, патриоттық сезімді ояту бағытындағы ойын Ақшұқыр мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы ортаға салды.
Есбол Қанатұлы, 11 сыып оқушысы:
«Көбі ұлттық мүддені тек тілмен шектеледі деп ойлайды. Бірақ тілдің нағыз керек жері немесе маңызы қандай? Егер тілің болмаса, тіліңді құрметтемесең, шегараңды ашып жібер, сен ел бола алмайсың деген бар. Сондықтан, біз, ең алдымен тілді құрметтеуді басты назарда ұстауымыз керек. Қазірде жастардың арасында «жаргон» сөздер көп таралып жатыр. Ал тілге деген құрмет болмаған жерде ұлтжандылық, патриотизм болмайды деп ойлаймын. Шарада осы бастаманы жастарға қарата көтердім».
Жиын соңында жиналғандар тәрбие тақырыбындағы ойларын білдіріп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

https://youtu.be/TvQycvmpC0A?si=XjVKe-72q2UfrxT_
26/11/2024

https://youtu.be/TvQycvmpC0A?si=XjVKe-72q2UfrxT_

================================================Маңғыстау телеарнасы / MAŃǴYSTAÝ телеарнасы / Мангыстау телеарнасы / MANGYSTAU TV / Mangystau telearnasi=====...

https://www.facebook.com/share/p/z44FuVhWoNhc4gaa/
18/11/2024

https://www.facebook.com/share/p/z44FuVhWoNhc4gaa/

В областном центре состоялось награждение 50 мам, успешно прошедших обучающий интенсив по нескольким специальностям. Участницы освоили такие профессии...

Address

Мангистауская область
Aktau
130000

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Общественный фонд "Бала жолы" posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share