Qazaq Nomad

Qazaq Nomad Vítejte na oficiální stránce neziskové organizace Qazaq Nomad!

Naším cílem je sjednocovat a podporovat diasporu Kazachstánců v České republice a představit bohatství a krásu kazachské kultury českému lidu.

24/06/2026

Úvodní stránka Mezinárodního folklorního festivalu Strážnice, který se koná vždy poslední víkend v červnu.

🇰🇿 Kazyna және Karatau ансамбльдері Чехияға келді!Құрметті достар!Қазақстаннан келген Kazyna және Karatau ансамбльдері Ч...
24/06/2026

🇰🇿 Kazyna және Karatau ансамбльдері Чехияға келді!

Құрметті достар!

Қазақстаннан келген Kazyna және Karatau ансамбльдері Чехияға аман-есен келді.

Алдағы күндері өнерпаздарымыз қазақтың ұлттық музыкасын, биін және мәдени дәстүрін Чехия жұртшылығына таныстырады.

📍 Ертең, 25 маусым күні, ансамбльдер Брно қаласындағы Náměstí Svobody алаңында өнер көрсетеді.
⏰ Уақыты: 15:45–17:30

Баршаңызды келіп, жерлестерімізді қолдауға шақырамыз!

Сондай-ақ 25–28 маусым 2026 аралығында олар Стражнице / Strážnice қаласында өтетін 81-ші Халықаралық фольклорлық фестиваль Strážnice 2026 және 44-ші Балалар фольклорлық фестивалі Dětská Strážnice 2026 аясында қазақ мәдениетін таныстырады.

Қазақ өнерінің Чехияда таныстырылуы — бәріміз үшін үлкен қуаныш әрі мақтаныш.

📍 Брно: Náměstí Svobody
📅 Күні: 25 маусым 2026
⏰ Уақыты: 15:45–17:30
🇰🇿 Қатысушылар: Kazyna және Karatau ансамбльдері, Қазақстан

📍 Стражнице / Strážnice
📅 Фестиваль: 25–28 маусым 2026
🎭 Іс-шара: Mezinárodní folklorní festival Strážnice 2026

🔗 Фестиваль туралы толығырақ:
https://www.kudyznudy.cz/akce/67-rocnik-mezinarodniho-folklorniho-festivalu-str

Келіңіздер, жерлестерімізді және қазақ мәдениетін бірге қолдайық! 🇰🇿

Құрметпен,
**Qazaq Nomad z.s.

22/06/2026
🇰🇿 Әкелер күні құтты болсын!Қазақ халқы әкені қашанда шаңырақтың тірегі, отбасының қорғаны, ұрпағына бағыт берер асқар т...
21/06/2026

🇰🇿 Әкелер күні құтты болсын!

Қазақ халқы әкені қашанда шаңырақтың тірегі, отбасының қорғаны, ұрпағына бағыт берер асқар тау деп құрметтеген.

Әкенің махаббаты көбіне көп сөзбен емес, үнсіз еңбегімен көрінеді.
Отбасының қамын ойлау, баласының болашағына алаңдау, қиындықты білдірмей көтеру — мұның бәрі әке жүрегіндегі терең мейірімнің белгісі.

Әке — үйдің берекесі, баланың сенімі, отбасының арқа сүйері.
Оның сабыры, ақылы мен жауапкершілігі әр шаңыраққа тыныштық пен береке сыйлайды.

Бүгін біздің қауымдастықтағы барлық әкелерге шын жүректен алғыс айтамыз.
Еңбектеріңіз еленіп, қадірлеріңіз арта берсін.
Балаларыңыздың қуанышын көріп, отбасыңыздың ортасында аман-есен, абыройлы болыңыздар!

Әкелеріміз аман болсын, шаңырағымыз берік болсын!

Әкелер күні құтты болсын! 👨🏻‍🍼

🇨🇿Všechno nejlepší ke Dni otců!

V kazašské kultuře je otec vnímán jako opora šanyraku, ochránce rodiny a člověk, jehož přítomnost dává dětem pocit jistoty.

Otec ne vždy mluví o své lásce nahlas.
Často ji vyjadřuje svými činy: péčí, odpovědností, trpělivostí, snahou chránit své blízké před zbytečnými starostmi a dát rodině pevný základ.

Být nablízku.
Podporovat.
Vést.
Nést odpovědnost.
Radovat se z úspěchů dětí a myslet na ně i beze slov.

V tom všem je velká otcovská láska.

Dnes přejeme vše nejlepší všem tatínkům v naší komunitě a děkujeme vám za vaši sílu, moudrost, práci a spolehlivost.

Ať jsou vaše děti vaší hrdostí, ať ve vašich rodinách vládne klid a úcta a ať je každý šanyrak pevný a šťastný.

Všechno nejlepší ke Dni otců!

🇰🇿Қымбатты достар!Биыл біз тағы да мәдениеттер, достық қарым-қатынас және өзара қолдау мерекесі — RefuFest халықаралық ф...
19/06/2026

🇰🇿Қымбатты достар!

Биыл біз тағы да мәдениеттер, достық қарым-қатынас және өзара қолдау мерекесі — RefuFest халықаралық фестивалінің бір бөлігі боламыз.

📍 Өтетін орны: Vila Štvanice, Praha
📅 Күні: 20 маусым 2026 жыл
🕛 Уақыты: 12:00–20:00

Келіңіздер, әртүрлі қауымдастық өкілдерімен танысып, ұлттық тағамдардан дәм татып, шеберлік сабақтарына, билер мен әңгімелесулерге қатысып, мәдени әралуандықтың ерекше атмосферасын бірге сезініңіздер.

🇰🇿 Биыл біздің команда балалар мен олардың ата-аналарына арналған шығармашылық шеберлік сабағын өткізеді. Онда қатысушылар өз қолдарымен тұмар — дәстүрлі қазақ оберегін жасай алады.

Фестивальде келесі қауымдастықтар таныстырылады:
Kazakh, Kyrgyz, Egyptian, Afghan, Lebanese, Azerbaijani, Iranian, Congolese, Mexican, Ukrainian, Vietnamese, ethnic groups of the North Caucasus, Ethiopian, Pakistani, Belarusian, Armenian, Palestinian.

Келіңіздер, бізді қолдап, осы күнді бірге өткізейік! 🇰🇿

🇷🇺Дорогие друзья!

И в этом году мы снова станем частью международного фестиваля RefuFest — праздника культур, общения и взаимной поддержки.

📍 Где: Vila Štvanice, Praha
📅 Когда: 20 июня 2026
🕛 Время: 12:00–20:00

Приходите познакомиться с представителями разных сообществ, попробовать национальные угощения, присоединиться к воркшопам, танцам и разговорам, а также почувствовать атмосферу настоящего культурного многообразия.

🇰🇿 В этом году наша команда проведёт творческий воркшоп, где дети и их родители смогут своими руками сделать тумар — традиционный казахский оберег.

На фестивале будут представлены сообщества:
Kazakh, Kyrgyz, Egyptian, Afghan, Lebanese, Azerbaijani, Iranian, Congolese, Mexican, Ukrainian, Vietnamese, ethnic groups of the North Caucasus, Ethiopian, Pakistani, Belarusian, Armenian, Palestinian.

Приходите поддержать нас и провести этот день вместе! 🇰🇿

🇰🇿 Қазақ мәдениетін бірге қолдайық!📍 Брно, Náměstí Svobody📅 25 маусым 2026 жыл🕒 15:45–17:30Халықаралық фольклорлық фести...
19/06/2026

🇰🇿 Қазақ мәдениетін бірге қолдайық!

📍 Брно, Náměstí Svobody
📅 25 маусым 2026 жыл
🕒 15:45–17:30

Халықаралық фольклорлық фестиваль аясында Брно қаласында Қазақстаннан келген «Kazyna» және «Qaratau» ансамбльдері өнер көрсетеді.

Көрермендерді қазақтың күй өнері мен ұлттық биінің әсем әлемі күтеді. Бағдарламада «Шахристан», «Самғау», «Қасиетті ел», «Ыңғай төкпе», «Балбырауын», «Қара жорға» және басқа да халық күйлері орындалады. Сондай-ақ «Биебау», «Самғау», «Думанды дәурен» секілді ұлттық билер ұсынылады.

Брнодағы қазақ қауымын, жерлестерімізді және қазақ мәдениетін сүйетін барша жанды ансамбльдерімізді қолдап, ұлттық өнеріміздің мерейін бірге асыруға шақырамыз! 🇰🇿✨



🇨🇿 Přijďte společně podpořit kazašskou kulturu!

📍 Brno, Náměstí Svobody
📅 25. června 2026
🕒 15:45–17:30

V rámci mezinárodního folklorního festivalu vystoupí v Brně soubory Kazyna a Qaratau z Kazachstánu.

Návštěvníci se mohou těšit na krásu kazašské tradiční hudby a národních tanců. V programu zazní skladby „Šachristan“, „Samgau“, „Qasietti el“, „Yngai tökpe“, „Balbyrauyn“, „Qara žorga“ a další lidové melodie. Představeny budou také národní tance jako „Biebau“, „Samgau“ a „Dumandy däuren“.

Srdečně zveme kazašskou komunitu v Brně, naše krajany i všechny příznivce kazašské kultury, aby přišli podpořit naše umělce a společně představili krásu kazašského národního umění! 🇰🇿✨



🇷🇺 Поддержим казахскую культуру вместе!

📍 Брно, Náměstí Svobody
📅 25 июня 2026 года
🕒 15:45–17:30

В рамках международного фольклорного фестиваля в городе Брно выступят ансамбли Kazyna и Qaratau из Казахстана.

Зрителей ждёт прекрасный мир казахского кюя и национального танца. В программе прозвучат «Шахристан», «Самғау», «Қасиетті ел», «Ыңғай төкпе», «Балбырауын», «Қара жорға» и другие народные кюи. Также будут представлены национальные танцы «Биебау», «Самғау», «Думанды дәурен».

Приглашаем казахскую общину Брно, наших земляков и всех, кто любит казахскую культуру, прийти и поддержать наши ансамбли. Давайте вместе поднимем престиж национального искусства на международной сцене! 🇰🇿✨

Құрметті достар!Сіздермен диаспорамыз үшін маңызды әрі қуанышты жаңалықпен бөліскіміз келеді 🇰🇿2026 жылғы 25–28 маусым а...
12/06/2026

Құрметті достар!

Сіздермен диаспорамыз үшін маңызды әрі қуанышты жаңалықпен бөліскіміз келеді 🇰🇿

2026 жылғы 25–28 маусым аралығында Чехияның Стражнице қаласында 81-ші Халықаралық фольклорлық фестиваль Strážnice 2026 және 44-ші Балалар фольклорлық фестивалі Dětská Strážnice 2026 өтеді.

Бұл фестиваль Еуропадағы ең көне әрі ең ірі фольклорлық фестивальдердің бірі болып саналады. Жыл сайын ол түрлі елдерден келген өнерпаздар мен қонақтардың басын қосады.

Биыл фестивальде Қазақстаннан Kazyna ансамблі өнер көрсетіп, қазақ халқының бай музыкалық, би және мәдени дәстүрін таныстырады.

Қазақ мәдениетінің осындай маңызды халықаралық сахнада Чехия жұртшылығына ұсынылуы — бәріміз үшін үлкен қуаныш әрі мақтаныш.

Мүмкіндігі бар баршаңызды Стражнице қаласына келіп, Қазақстаннан келген өнерпаздарымызды қолдауға шақырамыз. Бірге жиналып, бірлік, құрмет және мәдениетімізге деген мақтанышқа толы жылы атмосфера қалыптастырайық.

📍 Өтетін орны: Стражнице / Strážnice
📅 Күні: 25–28 маусым 2026 жыл
🎭 Іс-шара: Mezinárodní folklorní festival Strážnice 2026
🇰🇿 Қатысушы: Kazyna ансамблі, Қазақстан

🔗 Іс-шара туралы толығырақ:
https://www.kudyznudy.cz/akce/67-rocnik-mezinarodniho-folklorniho-festivalu-str

Жерлестерімізді және қазақ мәдениетін бірге қолдайық!

Құрметпен,
Qazaq Nomad z.s.

🇰🇿 Болашақ іс-шараларымызға ерікті ретінде қатысқыңыз келе ме?Биодағы сілтеме арқылы өтініш қалдыра аласыз. 🔗😊Сондай-ақ ...
12/06/2026

🇰🇿 Болашақ іс-шараларымызға ерікті ретінде қатысқыңыз келе ме?
Биодағы сілтеме арқылы өтініш қалдыра аласыз. 🔗😊

Сондай-ақ командамызға бейнемонтажбен айналысатын еріктілерді де іздеп жатырмыз. Егер видео өңдеуге қызығушылығыңыз болса, бізбен байланысыңыз! 🎥🙏

Adresa

Habova 5d
Praha
15800

Telefon

+420775985191

Internetová stránka

Upozornění

Buďte informováni jako první, zašleme vám e-mail, když Qazaq Nomad zveřejní novinky a akce. Vaše emailová adresa nebude použita pro žádný jiný účel a kdykoliv se můžete odhlásit.

Kontaktujte Společnost

Pošlete zprávu Qazaq Nomad:

Sdílet