25/04/2026
Алматыда өткен «АҚШ–Қазақстан» халықаралық ретритінен кейін оңтүстікте маңызды кездесу ұйымдастырдық 🇰🇿🤝🇺🇸
Біз, Бейсбеков Болатбек және келінім, шебер Ахметова Мадина, сол сапардан алған тәжірибемізді бөлісу мақсатында 30-дан аса қолөнер шеберлерін жинап, арнайы кездесу өткіздік.
Кездесу барысында:
🔸 Бейсбеков Берік – мыстан білезік жасау өнерін көрсетті
🔸 Ахметова Мадина – тоқыма өнерімен бөлісті
🔸 Бейсбеков Болатбек немересі Байкенмен бірге – керамикадан алған тәжірибесін ұсынды
Бұл шара тек тәжірибе алмасу емес, ұрпақтар сабақтастығы мен ұлттық өнердің жалғасуын көрсеткен ерекше басқосу болды ✨
Келген шеберлер халықаралық деңгейдегі осындай тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасаған ұйымдастырушыларға, Смитсон институты өкілдеріне және қолдау көрсеткен Шеврон компаниясына өз ризашылықтарын білдірді 🙏
Осындай кездесулер – мәдениеттің дамуына үлкен серпін береді.