Салихитдин Айтбаев атындағы көркемсурет галереясы

  • Home
  • Салихитдин Айтбаев атындағы көркемсурет галереясы

Салихитдин Айтбаев атындағы көркемсурет галереясы Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Салихитдин Айтбаев атындағы көркемсурет галереясы, Art Gallery, Кызылорда, .

05/08/2026

«БІР ТУЫНДЫ – БІР ТАРИХ» АЙДАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ШЫҒАРЫЛЫМЫ

10 тамыз – Абай күніне орай «Бір туынды – бір тарих» айдарының кезекті шығарылымын қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, ағартушысы Абай Құнанбайұлына арнаймыз.

Бұл шығарылымда назарларыңызға суретші К. Иософтың ұлы тұлғаның кемел болмысын бейнелеген «Абай» портреті ұсынылады.

Өнер туындысы арқылы Абайдың рухани әлеміне тереңірек үңіліп, оның мәңгілік мұрасын бірге дәріптейік.

#БірТуындыБірТарих
#АбайКүні
#АбайПортреті
#БейнелеуӨнері
#СалихитдинАйтбаевГалереясы
#ҚызылордаОблыстықТарихиӨлкетануМузейі

04/08/2026

“MUZEI МЕДИА” айдарында - АЛЬБАРКАС!

XX ғасырға тән тарихи жәдігер альбаркас - үш тақалы ағаштан ойып жасалған аяқ киім түрі. Басқа жерде аналогы жоқ түпнұсқа мұра Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музей қорында сақтаулы!!!

#ЖаңаЖоба
#Музей
#Альбаркас
#Қызылорда

30/07/2026

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨНЕР ӘЛЕМІНЕ САЯХАТЫ

«Зерделі» оқу орталығының білім алушылары Салихитдин Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында болып, «Тарих пен өнер үндестігі» көрмесін тамашалады.

Экскурсия барысында оқушылар түрлі өнер туындыларымен танысып, әсіресе қазақ батырларының бейнесі көрініс тапқан шығармалар мен Салихитдин Айтбаевқа арналған арнайы бұрышқа ерекше қызығушылық танытты.

Танымға толы бұл экскурсия оқушыларға айрықша әсер қалдырып, олардың өнерге деген қызығушылығын арттыра түсті.

#Оқушылар
#Экскурсия
#Галерея
#Қызылорда

27/07/2026

«БІР ТУЫНДЫ – БІР ТАРИХ» АЙДАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ШЫҒАРЫЛЫМЫ

Өнер туындысының әрқайсысы – өткеннің ізі мен рухани мұраның үнсіз шежіресі.

«Бір туынды – бір тарих» айдарының алғашқы шығарылымында қазақ бейнелеу өнерінің көрнекті өкілі Ғалымбаева Айша Ғарифқызының «Шолпан Жандарбекованың портреті» туындысын назарларыңызға ұсынамыз.

Бұл шығарма арқылы сіз қазақ театрының жарық жұлдызы Шолпан Жандарбекованың бейнесімен ғана емес, сол дәуірдің мәдениетімен, суретшінің шығармашылық шеберлігімен және портреттің астарындағы терең мағынасымен таныса аласыз.

Шығарылымда:
📌 Туындының жазылу тарихы
📌 Автордың шығармашылық жолы
📌 Композициялық және түстік шешімі
📌 Көркемдік ерекшелігі мен тарихи маңызы кеңінен таныстырылады.

Өнердің тылсым әлеміне бірге саяхат жасап, әр туындының сырын бірге ашайық!

#БірТуындыБірТарих
#АйшаҒалымбаева
#ШолпанЖандарбекова
#БейнелеуӨнері
#СалихитдинАйтбаевГалереясы

24/07/2026

“MUZEI MEDIA” айдарында - ЖОЛ САМАУРЫН!!!

XIX–XX ғасырларға тән тұрмыстық мүлік Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында сақтаулы.

#ЖаңаЖоба
#Музей
#ЖолСамаурын
#Қызылорда

22/07/2026

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі мен аймақтық «QOGAM TV» телеарнасының интеграциялық «ЖӘДІГЕРБАЯН» телевизиялық жобасы!

Бұл кезекті шығарылымда музей қорындағы үш тақалы ағаш аяқкиім – альбаркас туралы ақпар беріледі.

Жоба авторы әрі жүргізушісі – «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі Әйгерім Беккулиева.

#Жәдігербаян
#ҚызылордаМузейі

Address

Кызылорда

Opening Hours

Monday 09:00 - 19:00
Tuesday 09:00 - 19:00
Wednesday 09:00 - 19:00
Thursday 09:00 - 19:00
Friday 09:00 - 19:00
Saturday 09:00 - 19:00
Sunday 09:00 - 19:00

Telephone

+77013615781

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Салихитдин Айтбаев атындағы көркемсурет галереясы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

  • Want your establishment to be the top-listed Arts & Entertainment?

Share