02/06/2026
1 маусым күні Жарсуат ауылдық мәдениет үйінде «Күн нұрымен, күлкіге толы балалық» атты шара ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты 1 маусым Халықаралық балалар күніне орай өнерлі балалардың басын қосып мерекелік концерт ұйымдастыру, балаларға мерекелік көңіл – күй сыйлау.
Шараға Махамбет атындағы орта мектептің оқушылары және «Жауқазын» бөбекжайының тәрбиеленушілері қатынасып, би билеп, ән шырқалды. Көрермендер арасында ойындар ойнатылып, балаларға балмұздақ пен сыйлықтар таратылды.
Шараға қатынасқан адам саны 132.