Theatre Criticism

Theatre Criticism Қазақстан Театр сыншыларының Бірлестігі
Объединение театральных критиков Казахстана
Union of Theater Critics of Kazakhstan

ТЕАТРТАНУ – САХНА ӨНЕРІН ЗЕРТТЕЙТІН ЗИЯТКЕРЛЕР МЕКТЕБІТеатрды тек тамашалаушы емес, оның көркемдік құндылығын бағалайтын...
01/07/2026

ТЕАТРТАНУ – САХНА ӨНЕРІН ЗЕРТТЕЙТІН ЗИЯТКЕРЛЕР МЕКТЕБІ

Театрды тек тамашалаушы емес, оның көркемдік құндылығын бағалайтын, талдайтын, зерттейтін маман болғың келе ме?

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 6В02195 – «Өнертану / Театртану» білім беру бағдарламасы талапкерлерді оқуға шақырады!

Театртанушы – спектакльді кәсіби тұрғыдан саралайтын сыншы, зерттеуші, театр тарихын зерделейтін ғалым, мәдениет саласының сарапшысы. Біздің түлектер театрларда, ғылыми-зерттеу институттарында, жоғары оқу орындарында, мәдениет ұйымдарында, БАҚ-та және шығармашылық жобаларда табысты еңбек етуде.

Оқу барысында сіз:
🎭 театр тарихы мен теориясын;
📚 әлемдік және ұлттық драматургияны;
✍️ театр сыны мен ғылыми зерттеу әдістерін;
🎬 режиссура, актерлік өнер және сахна тілінің ерекшеліктерін меңгересіз.

Бағдарламаның басты артықшылықтарының бірі – тәжірибелі профессор-оқытушылардан білім алып, Қазақстан театр сыншылары бірлестігімен бірлескен жобаларға қатысу мүмкіндігі. Студенттер республикалық және халықаралық фестивальдерге қатысып, спектакльдерді кәсіби талдап, театр өмірінің белсенді қатысушысына айналады.

Егер өнерді терең түсініп, театрдың болашағына өз үлесіңді қосқың келсе – театртануды таңда!

Өнер мен интеллект тоғысқан ортада өз жолыңды баста!

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында өткен әлемдік премьера — «Қыпшақ қызы Аппақ» операсын Қазақстан те...
23/05/2026

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында өткен әлемдік премьера — «Қыпшақ қызы Аппақ» операсын Қазақстан театр сыншылары бірлестігінің мүшесі, театртанушы, профессор Амангелді Мұқан арнайы шақыртумен тамашалап қайтты.

Ғабит Мүсіреповтің «Қыпшақ қызы Аппақ» драмасының желісімен жазылған 2 бөлімді, 9 көріністі операның либретто авторы — Тілеуғазы Бейсембек. Шығарманың композиторлары — Серікжан Әбдінұров пен Әліби Әбдінұров. Қойылымның музыкалық жетекшісі — Қазақстанның халық әртісі Абзал Мұхитдин, қоюшы режиссері — Татарстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Михаил Панджавидзе, қоюшы дирижері — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерболат Ахмедьяров. Бас хормейстер — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов.

Ұлттық тарих пен көркем музыкалық драматургияны тоғыстырған бұл туынды қазақ опера өнеріндегі маңызды шығармашылық оқиғалардың бірі ретінде театр қауымының назарын аударды.

Қазақстан театр сыншылары бірлестігі еліміздегі жаңа премьералар мен шығармашылық ізденістерді тұрақты назарда ұстап, кәсіби театр кеңістігінің дамуына үн қосып келеді.

Құрметті мәдениет және өнер саласының өкілдері!Қазақстан театр сыншылары бірлестігі баршаңызды 21 мамыр — Мәдениет және ...
21/05/2026

Құрметті мәдениет және өнер саласының өкілдері!

Қазақстан театр сыншылары бірлестігі баршаңызды 21 мамыр — Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен құттықтайды!

Өнер мен мәдениет — ұлттың тарихи жадын, дүниетанымы мен рухани болмысын сақтайтын аса маңызды құндылықтар. Қоғамның мәдени деңгейі мен рухани келбеті осы салада еңбек етіп жүрген азаматтардың қызметімен өлшенеді.

Театр, музыка, әдебиет, бейнелеу өнері мен мәдениеттің өзге де салаларында еңбек етіп жүрген мамандар елдің рухани кеңістігін байытып, ұлт мәдениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді. Бұл — үлкен жауапкершілік пен табандылықты талап ететін маңызды миссия.

Бүгінде мәдениет саласы тек шығармашылық кеңістік қана емес, қоғаммен ой бөлісетін, адамды тәрбиелейтін, ұлттық құндылықтарды ұрпақ санасына сіңіретін маңызды рухани ортаға айналды.

Барша өнер және мәдениет қызметкерлеріне мықты денсаулық, шығармашылық табыс, толайым жетістік пен ел игілігі жолындағы еңбектеріне абырой тілейміз. Ұлттық мәдениетіміздің мерейі үстем болып, өнеріміз өркендей берсін!

Құрметпен, Қазақстан театр сыншылары бірлестігі

Құрметті отандастар, баршаңызды 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтаймыз!Бұл күн — ерлік пен елдік рухының, қайсарлық пен жа...
09/05/2026

Құрметті отандастар, баршаңызды 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтаймыз!

Бұл күн — ерлік пен елдік рухының, қайсарлық пен жанқиярлықтың символына айналған тарихи дата. Ұлы Отан соғысында Отан үшін от кешкен батырлардың ерлігі мен тылда еңбек еткен жандардың табандылығы ұрпақ жадында мәңгі сақталатын тағылым.

Бүгінгі бейбіт өмір — сол буынның өлшеусіз жанқиярлығы мен қажырлы күресінің жемісі. Сондықтан Жеңіс күні — өткенге тағзым етіп, ерлікке құрмет көрсететін ерекше күн.

Ардагерлерімізге зор денсаулық, амандық пен ұзақ ғұмыр тілейміз. Еліміз тыныш, аспанымыз ашық, халқымыздың бірлігі бекем болсын.

Ұлы Жеңіс мерекесі құтты болсын!

— Қазақстан театр сыншылары бірлестігі

Р. Сейтметов атындағы Түркістан облыстық сазды драма театрында сахналанған «Қатынқамал» перформансының тұсаукесеріне Қаз...
07/05/2026

Р. Сейтметов атындағы Түркістан облыстық сазды драма театрында сахналанған «Қатынқамал» перформансының тұсаукесеріне Қазақстан театр сыншылары бірлестігінің мүшелері — бірлестік төрайымы, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, өнертану кандидаты Анар Еркебай және Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, өнертану кандидаты Меруерт Жақсылықова қатысып қайтты.

Премьерадан кейін театр ұжымымен кәсіби пікір алмасу өтіп, қойылымның көркемдік ерекшеліктері мен сахналық шешімдері талқыланды.

Қазақстан театр сыншылары бірлестігі өңірлік театрлардағы шығармашылық ізденістер мен жаңа сахналық бастамаларды әрдайым қолдап, кәсіби театр кеңістігіндегі өзара байланысты нығайтуға мән береді.

01/05/2026

25 сәуір күні Қазақстан театр сыншылары бірлестігінің мүшелері — бірлестік төрайымы, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, өнертану кандидаты Анар Еркебай және өнертану кандидаты, профессор Меруерт Жақсылықова Қостанай облыстық қуыршақ театрында арнайы іссапармен болды.

Сапар аясында театр репертуарындағы «Записки сумасшедшего» спектаклі тамашаланып, қойылым бойынша кәсіби талдау жүргізілді. Талқылау барысында спектакльдің режиссерлік шешімі, актерлік шеберлік, сахналық құрылым мен көркемдік тұтастығы жан-жақты сараланып, театр ұжымымен мазмұнды шығармашылық диалог өрбіді.

Қазақстан театр сыншылары бірлестігі үшін өңірлік театрлармен кәсіби байланысты нығайту, шығармашылық үдерісті үнемі назарда ұстап, өзара тәжірибе алмасу қашанда маңызды.

Бүгін қазақ өнері тағы бір биік тұлғасынан айырылды…Қазақ өнерінің ірі өкілі, көрнекті режиссер, ұлағатты ұстаз, театр ө...
16/04/2026

Бүгін қазақ өнері тағы бір биік тұлғасынан айырылды…

Қазақ өнерінің ірі өкілі, көрнекті режиссер, ұлағатты ұстаз, театр өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан ардақты тұлға - Есмұхан Несіпбайұлы Обаевтың дүниеден озуына байланысты Театр сыншыларының бірлестігі қайғыра көңіл айтады.

Саналы ғұмырын сахна өнеріне арнаған, ұлттық театрдың өркендеуіне зор еңбек сіңірген қайраткердің есімі қазақ мәдениетінің тарихында мәңгі сақталады. Ол өз дәуірінің көркемдік бағыт-бағдарын айқындап, жүздеген қойылым арқылы көрерменнің рухани әлемін байытты, талай буын өнерпазға жол көрсетті.

Есмұхан Несіпбайұлы - тек режиссер ғана емес, тұтас бір кезеңнің рухани көшбасшысы, терең ойлы тұлға, сыншылар қауымы үшін де кәсіби биіктіктің, талғам мен парасаттың өлшемі бола білді.

Марқұмның отбасы мен жақындарына, барша театр қауымына орны толмас қайғыларына ортақтасып, қайғыра көңіл айтамыз.

Қазақстан театр сыншылары бірлестігінің төрайымы, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры,...
23/03/2026

Қазақстан театр сыншылары бірлестігінің төрайымы, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, өнертану кандидаты Анар Еркебай Ф.М.Достоевский атындағы орыс драма театрында өткен «Преступление и наказание» спектаклінің премьерасын тамашалап қайтты.

2026 жылы әлем әдебиетінің ұлы тұлғасы, көрнекті жазушы әрі ойшыл Федор Михайлович Достоевскийдің туғанына 205 жыл, қайтыс болғанына 145 жыл толуына орай сахналанған бұл қойылым классикалық туындыны жаңа көзқараспен пайымдауға бағытталған. Спектакль режиссері — Рача Махатаев.

Премьерадан кейін театр ұжымымен кәсіби талқылау өткізіліп, спектакльдің режиссерлік тұжырымы, актерлік ансамблі, сахналық шешімдері мен шығарманың философиялық мазмұны жан-жақты сараланды.

Аталған кездесу театр мен кәсіби сын арасындағы шығармашылық диалогты нығайтып, сахналық үдерісті ғылыми тұрғыда пайымдауға ықпал етті.

Жуықта Қазақстан Театр сыншылары бірлестігінің мүшесі, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профес...
21/03/2026

Жуықта Қазақстан Театр сыншылары бірлестігінің мүшесі, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, өнертану кандидаты Меруерт Жақсылықова Ақтау қаласындағы Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрында болып, «Я – Қарлығаш» атты жаңа драманың тұсаукесеріне қатысты.

Драматург Олжас Жанайдаровтың «Магазин» пьесасының желісімен қойылған спектакльдің режиссері – Ұлан Болатбек, суретшілері – Анастасия Мороз және Нысанғали Қаниев. Қойылымнан кейін театр ұжымымен талдау-сараптау өткізіліп, мазмұнды шығармашылық диалог ұйымдастырылды. Сонымен қатар, театр актерлеріне арналған «Театрлық жүйелер және актерлік өнердің трансформациясы» тақырыбында шеберлік сыныбы өтті.

Сыншы өз мақаласында қойылымның өзектілігіне тоқталып:
«Қазіргі алмағайып заманымызда аса өзектілікке ие болып отырған көші-қон және мигранттар мәселесін арқау еткен аталмыш қойылым шетелде жұмыс жасап, нәпақасын табуға кеткен қарагөз қандастарымыздың тағдыры жайлы бір үзік сырды баяндайды» — деп атап өтеді.

Меруерт Жақсылықованың қойылымға қатысты кеңейтілген пікірі «Қазақ әдебиеті» республикалық газетінде жарияланған «Жат жұрттағы жалғыздық» атты мақаласында ұсынылған.

Address

Almaty

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Theatre Criticism posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share

Category