М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы

  • Home
  • Kazakhstan
  • Aktau
  • М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы

М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы

10/08/2026

10 тамыз – Абай күні

Бұл күн – ұлы даланың ұлы тұлғасына тағзым етер ерекше сәт.

Осы мерекеге орай Әлия Қарамұқанның орындауында ұлы ақын, ойшыл әрі сазгер Абай Құнанбайұлының «Торы жорға» күйін қабыл алыңыздар!

Абайдың әуезді мұрасы – уақытпен өлшенбейтін, ұлттың жан дүниесін тербететін асыл қазына.

🎶 Абай үні – ғасырлардан жеткен мәңгілік саз.

10/08/2026

🎼 10 тамыз – Абай күні

Екпін Толқынхан - «Сұрғылт тұман, дым бүркіп…»

Абай – қазақтың ұлы ақыны, ойшылы ғана емес, ұлттық музыка өнерінің биігіне өзіндік қолтаңбасын қалдырған дара сазгер.

Оның сырлы поэзиясы мен әуезді әндері ғасырлардан ғасырларға жалғасып, бүгінгі ұрпақтың жүрегіне жол тауып келеді.

Абайдың әрбір әні – терең ой мен нәзік сезімнің, ұлттық болмыс пен көркемдіктің тоғысы.

Абай мұрасын дәріптей отырып, ұлы ойшылдың шығармашылығын өнер арқылы ұрпаққа жеткізуді жалғастырады.

📖 Абайды оқу – ойлану.
Абайды тыңдау – сезіну.
Абайды тану – рухани кемелдену.

Ұлы ақынның мұрасы – ұлттың мәңгілік қазынасы.

Абай күні құтты болсын! 🇰🇿

#АбайКүні #10Тамыз #Абай #АбайӘндері #АбайМұрасы СұрғылтТұман ҚазақМузыкасы ОқитынҰлт МаңғыстауФилармониясы

21/07/2026
09/07/2026

Табиғатты қорғау – бір мамандықтың емес, әр азаматтың парызы

09/07/2026

📌Интернеттегі алаяқтардың арбауына түспеңіз! Жеке деректеріңізді қорғап, күмәнді сілтемелер мен қоңырауларға сақ болыңыз.

📌Қоғамдық коммуникация орталығы

08/07/2026
08/07/2026

Табиғатты аялап, тазалықты сақтайық!

07/07/2026

Ақтауда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік концерт өтті

Ақтауда Ұлттық домбыра күніне орай Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрінің қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Амфитеатр алаңында өткен кеш ұлттық өнерді насихаттап, қазақтың дәстүрлі музыкасын ұлықтауға арналды.

Концертте халыққа кеңінен танымал күйлер мен әндер орындалды. Көрермендер дәстүрлі әндерді, термелерді және күй өнерінің үздік туындыларын тамашалады. Сонымен қатар, әлемдік классикадан да шығармалар ұсынылып, өнерпаздардың жан-жақтылығы көрсетілді.

Концерт Құрманғазының әйгілі «Адай» күйімен қорытындыланып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Айта кетейік, Ұлттық домбыра күні Қазақстанда 2018 жылдан бері аталып келеді.

05/07/2026

🇰🇿 Ұлттық домбыра күні құтты болсын!

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Құрметті профессоры, I дәрежелі «Барыс», «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері Сержан Шәкрат барша қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады.

Өз құттықтауында ол домбыраның қазақ халқы үшін тек музыкалық аспап емес, ұлттың рухын, тарихын, салт-дәстүрі мен болмысын ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін қасиетті мұра екенін ерекше атап өтті.

Құттықтау соңында қазақ күй өнерінің құдіретін паш етіп, жүрекке жетер күй орындап, ұлттық өнерге деген құрметін білдірді.

Домбыраның үні әр шаңырақта күмбірлеп, ұлттық рухымыз асқақтай берсін!


#ҰлттықДомбыраКүні #Домбыра #ҚазақКүйі #ҰлттықӨнер СержанШәкрат Филармония

05/07/2026

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ
ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Домбыра – қазақтың жүрегінен туған қасиетті үн, ұлттың рухын асқақтатқан асыл мұра.

Қос ішектен төгілген әрбір күй – тарихтың үні, бабалардың аманаты, ұрпақтың мақтанышы. Домбыраның күмбірі – халқымыздың қуанышы мен қайғысын, ерлігі мен елдігін, салт-дәстүрі мен болмысын жеткізетін мәңгілік тіл.

Қазақ бар жерде домбыраның үні ешқашан үзілмесін!

Баршаңызды Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ұлттық өнеріміз ұлықталып, күйдің киесі әр шаңыраққа береке мен рух сыйлай берсін!


#ҰлттықДомбыраКүні #Домбыра #ҚазақКүйі ҰлттықӨнер РуханиМұра Күй

Address

5-й микрорайон 30 здание
Aktau
130000

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share