Ulzhan Ibraimova

Ulzhan Ibraimova Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Ulzhan Ibraimova, Art, Yerevan.

Мен саған ғашық болдым, Ереван😍
19/07/2023

Мен саған ғашық болдым, Ереван😍

rahmet sagan, Batumi🇬🇪🤍
12/07/2023

rahmet sagan, Batumi🇬🇪🤍

Байқайсыздар ма, қазір жастар дипломның қадірін жоққа теңеп, онсыз да өмір сүруге болады деп ұрандайды. Дипломсыз нәпақа...
27/06/2023

Байқайсыздар ма, қазір жастар дипломның қадірін жоққа теңеп, онсыз да өмір сүруге болады деп ұрандайды.

Дипломсыз нәпақа тауып, жақсы өмір сүріп жүрміз дейді. ЖОО оқымай-ақ жетістікке жеткен жандардың тізімін де айтып береді. Олар туралы барлық ақпаратты тіпті жатқа біледі.

Иә, сенің қабілетің жетіп тұрса, кез келген саланы игеріп кете алатын жан-жақты тұлға болсаң, дипломсыз ақша табуға мүмкіндік бар шығар.

Дегенмен ЖОО дипломы бәрібір ерек, бәрібір керек. Өйткені университет тек білім беретін емес, сана көкжиегі кең тұлғаларды табыстыратын, өмірге деген көзқарасыңды кеңінен қалыптастыратын орта.

Үлкендер айтпақшы, оқыған адам жерде қалмайды. Сондықтан адам баласы өмірге келген соң тек материалдық тұрғыда дамуды, ақшаға малынып, шалқып өмір сүруді ғана ойламай, білім алуға ұмтылуы керек...

Себебі, кісінің кісілігі киімінде емес, білімінде!

Кісінің кісілігі,Киімінде емес,Білімінде...😉🤍
27/06/2023

Кісінің кісілігі,
Киімінде емес,
Білімінде...😉🤍

Қайырлы күн, достар!Мен кешеден бастап «AMANAT» партиясы АҚФ жанындағы Қоғамдық даму, мәдениет, спорт, дін және жастар ж...
23/06/2023

Қайырлы күн, достар!

Мен кешеден бастап «AMANAT» партиясы АҚФ жанындағы Қоғамдық даму, мәдениет, спорт, дін және жастар жөніндегі кеңес мүшесімін.

Құрметті алматылықтар, оңтүстік астанамыздың қоғамдағы өзгерістерге немқұрайлы қарамайтын жастары, енді маған сіздерді мазалайтын кез келген сұрақ бойынша хабарлассаңыздар болады.

Күні кеше біз кеңестің алғашқы отырысын өткізіп, мәдениет және спорт, жастар саясаты төңірегінде атқарылатын істер жайында есеп тыңдадық. Ендігі жиында арайлы қала тұрғындарын алаңдататын тақырыптарды талқыға салсақ деп отырмыз.

Баршамызға сәттілік тілеп қойыңыздар!😍

Достар, баршаңызға қайырлы кеш! 19 маусым күні ҚР Президенті жанындағы “Dara” дарындыларды қолдау қоры ұйымдастырған тұң...
21/06/2023

Достар, баршаңызға қайырлы кеш!

19 маусым күні ҚР Президенті жанындағы “Dara” дарындыларды қолдау қоры ұйымдастырған тұңғыш республикалық MobFest фестивалі өз мәресіне жетті.

Өткен жылдың қыркүйек айында бастау алған байқауға еліміз бойынша 1500 мобилограф видеосын жолдаған екен.

Оның ішінде әділқазылар шешімімен 100 жұмыс іріктеліп, жүзден жүйрік атанған 20 қатысушы Нью-Йорк фильм академиясында оқуға жолдама алды.

Марапаттау кешіндегі атмосфераны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Үлкен экранда назарға ұсынылған видеоларды телефонмен түсірді дегенге сенудің өзі қиын.

Видео көре отырып бәріміз көзімізге жас алдық, өмірімізді ой елегінен өткіздік. Қысқасын айтқанда, таланттылар бәйгесінде оза шапқандар ойымызды сан-саққа жүгіртті.

Ал жеңімпаздардың идеясы мен өз ойын жеткізу стилі, режиссерлік көзқарасы тіпті бөлек әңгіме.

Қазақстанның әр өңірінен келген қатысушылардың туындысы қазіргі жастардың ұрпақ тәрбиесіне, ел келешегіне немқұрайлы қарамайтынын көрсеткендей болды. Соңымыздан ерген жас буынның осындай талпынысы мен жігері бізді де қуантпай қоймады.

Ал мен MobFest жобасындағы арнайы деректі фильмнің мәтінін жазып, оны барша жиналған жұртпен бірге тамашаладым. Маған сенім артқан ұйымдастырушыларға көп рахмет!

Достар, баршаңызға қайырлы күн! 19 маусым күні ҚР Президенті жанындағы “Dara” дарындыларды қолдау қоры ұйымдастырған тұң...
21/06/2023

Достар, баршаңызға қайырлы күн!

19 маусым күні ҚР Президенті жанындағы “Dara” дарындыларды қолдау қоры ұйымдастырған тұңғыш республикалық MobFest фестивалі өз мәресіне жетті.

Өткен жылдың қыркүйек айында бастау алған байқауға еліміз бойынша 1500 мобилограф видеосын жолдаған екен.

Оның ішінде әділқазылар шешімімен 100 жұмыс іріктеліп, жүзден жүйрік атанған 20 қатысушы Нью-Йорк фильм академиясында оқуға жолдама алды.

Марапаттау кешіндегі атмосфераны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Үлкен экранда назарға ұсынылған видеоларды телефонмен түсірді дегенге сенудің өзі қиын.

Видео көре отырып бәріміз көзімізге жас алдық, өмірімізді ой елегінен өткіздік. Қысқасын айтқанда, таланттылар бәйгесінде оза шапқандар ойымызды сан-саққа жүгіртті.

Ал жеңімпаздардың идеясы мен өз ойын жеткізу стилі, режиссерлік көзқарасы тіпті бөлек әңгіме.

Қазақстанның әр өңірінен келген қатысушылардың туындысы қазіргі жастардың ұрпақ тәрбиесіне, ел келешегіне немқұрайлы қарамайтынын көрсеткендей болды. Соңымыздан ерген жас буынның осындай талпынысы мен жігері бізді де қуантпай қоймады.

Ал мен MobFest жобасындағы арнайы деректі фильмнің мәтінін жазып, оны барша жиналған жұртпен бірге тамашаладым. Маған сенім артқан ұйымдастырушыларға көп рахмет!

Бокстан әлем чемпионы  бүгін бізде қонақта! Достар,  келесі шығарылымдарын күтіңіздер! Біз чемпиондарымызды, ел намысын ...
14/06/2023

Бокстан әлем чемпионы бүгін бізде қонақта!

Достар, келесі шығарылымдарын күтіңіздер!

Біз чемпиондарымызды, ел намысын асқақтаған айбынды азаматтарымызды әрдайым қолдаймыз!🥇🙌

🌺
11/06/2023

🌺

Болайыншы сенің ғана әдемің) 🌺
11/06/2023

Болайыншы сенің ғана әдемің) 🌺

Address

Yerevan

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Ulzhan Ibraimova posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share

Category